«Ғарыштық техника және технологиялар институты» еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Зерттеудің (қызметтің) негізгі бағыттары:

– «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС-нің қызметінің негізгі бағыттары: ғарыштық зерттеулер мен технологиялар саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық қызметтер, ғарыштық техника және технологиялар жасау бойынша ғылыми – технологиялық қамтамасыз ету саласында іргелі, іздестіру және қолданбалы зерттеулер жүргізу;

– Институт қызметтерінің бағытына жататын математикалық, алгоритмдік және бағдарламалық қамтамасыз ету, техникалық, бағдарламалық –   техникалық және ақпараттық – технологиялық, геоақпараттық жүйе әзірлеу және жүзеге асыру бойынша тәжірибелік – конструкторлық жұмыстар жүргізу;

– ғарыштық кешендерді және олардың бөлшектерін басқару және моделдеу жүйесін, жоғары дәлдікті серіктік навигация жүйесінің қосалқы  жүйесін, ақпараттық жүйені және радиобайланыс жүйесін пайдалану және монтаждау, іске қосып реттейтін жұмыстарды жүргізу;

– ғарыштық техника және оның құрамдас бөліктерінің ғарыш қызметі саласындағы техникалық регламент пен стандарттарда көрсетілген талаптарға сәйкестігін бағалау мен сынау;

– техникалық регламенттер мен стандарттар әзірлеу, жобалық – конструкторлық, зерттеу жұмыстарын нормативтік, әдістемелік, метрологиялық қамтамасыз ету болып табылады.

 «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС құрылымы:

– Ғылыми бағыттағы ғарыш жүйесі зертханасы

– Ғарыш жүйесін әзірлеу және имитациялық моделдеу зертханасы

– Спутниктік навигациялық технологиялар зертханасы

– Ғарыштық ақпараттық технологиялар  зертханасы

– Перспективалық әзірлемелер зертханасы

Директор  – Ахмедов Дәулет Шафиғұлұлы, техника ғылымдарының докторы

Байланыс:

050061, г. Алматы, Кисловодская к., 34.

 Тел.: +7 (727) 229-44-81, +7 (727) 390-34-88, Факс: +7 (727) 229-41-82

E-mail: info@istt.kz

сайт: http://www.istt.kz