«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ

Басқарма төрағасының құттықтауы

Мен Сіздермен «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының ресми сайтында кездесіп отырғаныма қуаныштымын.

Елімізде іргелі және қолданбалы ғылымның болуы – жоғары дамыған мемлекеттің белгісі. Ғарыштық зерттеулерсіз табиғат пен материяның даму заңдылықтарын түсіну мүмкін емес. Ғарыштық технологиялар барлық кезде ең озат технологиялар болып келген және қолданбалы ғылым мен өнеркәсіптің дамуына аса қуатты қарқын берді, оның нәтижелерін бүгінде бүкіл азамзат баласы пайдаланып отыр.

Сөзсіз, ғылыми зерттеулерді дамыту Қазақстан үшін ғаламдық бәсекеге қабілеттілік мәселесі болып табылады.

Азамзат қызметінің кез келген саласы сияқты, ғылым да жариялылықты және жаңа буын, жаңа күштермен толықтырылуды қажет етеді.

Біз де сауатты, дайындығы жақсы мамандардың болғанына мүдделіміз, және осы бағытта біздің қызметкерлердің кәсіби және ғылыми деңгейін арттыру жолында көп күш жұмсаймыз.  

Президентіміз Қ.Тоқаевтың дана саясатының арқасында Қазақстандағы ғылыми қызметтің дамуы жаңа қарқын алды, жаңа деңгейге көтерілді және экономиканың  басым бағыттарына жатқызылды.

Біздің Республикамыз ғарыштық ғылымның әлемдік картасында «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» арқылы өзінің лайықты орнын алған.

Осы интернет-сайт қажетті ақпарат алуға Сіздерге көмектеседі және барлығымызды қызықтырып отырған мәселелерді талқылау үшін тиімді сұхбат алаңы болады деп сенемін.

Құрметпен,

Марат Нұрғожин,

техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының және Қазақстан Республикасы инженерлік академиясының академигі,  «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы