JSC “National Center of Space Research and Technology”

Жерді қашықтықтан барлау (ЖҚБ) департаменті

Қызметінің мәні:

– республикалық бюджеттік, салалық бағдарламалар шеңберінде іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу және Жерді қашықтықтан барлау деректері мен жер бетінің күйін талдау негізінде жер бетіндегі нысандардың спектрлі сипаттамаларын зерттеу, табиғи-техногенді құбылыстардың мониторингі, түрлі спектрлі, кеңістіктік және уақытша шешімдегі жер серігі деректерін тақырыптық дешифрлеу салаларында отандық гранттар бойынша жұмыстар орындау;

– Жерді қашықтықтан барлау деректерін қабылдау, талдау, өңдеу және мұрағаттау технологияларын жетілдіру;

– Жерді қашықтықтан барлаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін дамыту;

– қоршаған ортаның күйін талдау және болжаудың жаңа технологияларын, геоақпараттық модельдеудің әдістерін құру;

-тестілеу полигнодарында кіші жер серіктерінен зерттеулер жүргізу;

-ауылшаруашылығы аумақтарының, төтенше жағдайлардың, экологиялық дағдарысты нысандардың және т.б. ғарыштық мониторингінің салалық және аумақтық ситуациялық орталықтарын құру;

– салалық мәселелерді шешу үшін ауылшаруашылығы өндірісінің, төтенше жағдайлардың (су тасқыны, су басуы, өрттер), Қазақстан аумағындағы экологиялық дағдарысты аумақтардың ғарыштық мониторингі бойынша қызметтер көрсету.

 Департамент директоры – т.ғ.к. Бекмұхамедов Бауыржан Еркінұлы, baur_gis@mail.ru

Департамент құрылымы

Ауылшаруашылығы өндірісінің ғарыштық мониторингі зертханасы

Зертхана меңгерушісі – а.-ш. ғ.к. Бекмұхамедов Нұрлан Эркінұлы,  nurlan1964@yandex.ru

Зерттеулердің бағыты:

Дәнді дақылдар өндірісінің, суармалы және жайылымдық аумақтардың ғарыштық мониторингі әдістері мен технологияларын әзірлеу. Табиғи қауіптіліктердің геокеңістіктік модельдерін құру.

Кіші жер серіктерінен жұмыстар жүргізу үшін спектроскопиялық зерттеулерге арналған заманауи оптикалық-электронды аспаптар, топырақтың ылғалдылығын, температурасын, қар қабатының тығыздығын өлшеу аспартары қолданылады.

Сәулелердің тасымалдануы процестерінматематикалық модельдеу зертханасы

Зертхана меңгерушісі – т.ғ.д. Ахмеджанов Алшын Хәкімұлы,  model_lab@mail.ru

Зерттеулердің бағыты:

Жер серігі деректері негізінде Қазақстан аумағы үстіндегі атмсфералық құбылыстарды математикалық модельдеу. Қазастан республикасы аумағы үстіндегі атмосферадағы булану газдарының ғарыштық мониторингі жүйесін құру.

Ғарыштық экологиялық мониторинг зертханасы

Зертхана меңгерушісі – орын бос

Зерттеулердің бағыты:

Табиғи және техногенді стихиялы апаттарды, қоршаған ортаның ластануы процестерінің ғарыштық мониторингі және болжау әдістері мен технологияларын әзірлеу.

Құрғақшылық жағдайларының мониторингі орталығы

Орталықтың бастығы – Аюпов Қайсар Алиятұлы, caesar-a@mail.ru

Зерттеулердің бағыты:

Климаттың өзгеруі мен құрғақшылықтың ғарыштық мониторингі саласындағы жұмыстар, Құрғақшылықтың ғарыштық мониторингі геопорталын, жайылымдық ресурстар мен климаттың электронды атласын құру.

Ғарыштық ақпараттарды қабылдау орталығы (Алматы қ.)

Орталықтың бастығы – Архипкин Олег Павлович, oarkhipkin@rambler.ru

Зерттеулердің бағыты:

Aqua, Terra (АҚШ), Suomi NPP (АҚШ) ғарыштық аппараттарынан жерді қашықтықтан барлау деректерін тұрақты қабылдау және мұрағаттау.

Республикалық бюджеттік бағдарламалар жобалары бойынша ҒЗЖ орындау және ҚР АШМ, ҚР ІІМ ТЖ комитетінің, облыстық әкімдіктер және т.б. тапсырыстары бойынша шаруашылық шарттар шеңберінде түрлі қолданбалы міндеттерді шешу үшін Жерді қарыштықтан барлау департаментінің барлық құрылымдық бөлімшелерін жер серігінен алынған ақпараттармен қамтамасыз ету.

Ғарыштық мониторинг орталығы (Астана қ.)

Орталықтың бастығы – Рамазанова Жанат Мұсанқызы, zhanat2005@yandex.kz

Зерттеулердің бағыты:

Aqua, Terra (АҚШ) ғарыштық аппаратынан жерді қашықтықтан барлау деректерін тұрақты қабылдау және мұрағаттау.

Жер серігі деректерін пайдаланып салалық міндеттерді шешу үшін барлық мүдделі министрліктер мен ведомстволарды жер серігі ақпараттарымен қамтамасыз ету.

Алматы және астана қалаларындағы Қабылдау орталықтарында, алға қойылған міндеттерді шешу үшін, TERRA, AQUA, Suomi NPP жер серіктерінің деректерін қабылдауға арналған мамандандырылған жабдықтар бар.