«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ

Орталық туралы

 «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» Акционерлік қоғамы

Миссия – Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытуды ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету.

Орталық төмендегі бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің орындалуын сүйемелдейді және қамтамасыз етеді:

  • ғарыштық техника мен технологиялар құруды ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету;
  • Жерді қашықтықтан барлау деректерін қабылдау және өңдеу;
  • жер қыртысында болатын геодинамикалық және геофизикалық құбылыстар мен процестердің жерүсті-ғарыштық мониторингі;
  • белгілі қасиеттері бар жаңа материалдар жасап шығару;
  • ғарыш ауа райы мониторингі мен болжаудың қазақстандық көпдеңгейлі жүйесі;
  • Күн-Жер жүйесіндегі физикалық процестер;
  • галактикалық жүйелерді, Күн жүйесінің жұлдыздары мен планеталарын, жер төңірегіндегі кеңістікті зерттеу;
  • ұшу кешендерінде ғарыштық зерттеулер мен эксперименттер орындау;
  • ғарыш саласы мамандарын қайта дайындау және біліктілігін арттыру.

Мекен жайы:

050010  Алматы қ., Шевченко көш.,15

тел:+7 (727) 293-88-23, ф.+7 (727) 293-88-20,

e-mail: nckit@spaceres.kz

Азаматтарды қабылдау кестесі

Нұрғожин Марат Рахмалыұлы,

«ҰҒЗТО» АҚ Басқарма төрағасы

күн сайын, жұмыс күндері, сағ.16-00-ден 17-00- ге дейін.

Бибосынов Асылхан Жәнібекұлы,

«ҰҒЗТО» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

күн сайын, жұмыс күндері, сағ.16-00-ден 17-00- ге дейін.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңына сәйкес әске асырылады   

 Өтініштерді қарау мерзімдері

  1. Қарау үшін басқа субъектілердің, лауазымды тұлғалардың ақпараты немесе тексеру үшін шығу қажет етілмейтін  жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштерін қарау он бес күнтізбелік күн ішінде іске асырылады
  2. Қарау үшін басқа субъектілердің, лауазымды тұлғалардың ақпараты немесе тексеру үшін шығу қажет етілетін  жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және ол туралы шешім қабылдау, өтініш субъектіге немесе лауазымды тұлғаға келіп түске күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде іске асырылады. Қосымша тексеру немесе зерттеу қажет болған жағдайда, өтінішті  қарау мерзімі отыз күнтізбелік күннен артық болуы мүмкін, ол туралы қарау мерзімі ұзартылған уақыттан бастап үш күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.
  3. Өтініш бойынша қарау мерзімін субъект басшысы немесе оның орынбасары ұзартады.