Орталық туралы

 

Қазақстанда «Қазақстанның киберқалқаны» Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы іске асырылуда

 

2017 жылғы қазан айының соңында Үкіметтің «Қазақстанның киберқалқаны» Киберқауіпсіздік тұжырымдамасын іске асырудың іс-шаралар жоспары бекітілген күннен Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында аталған «Қазақстанның киберқалқанын» әзірлеу бойынша тапсырмасын орындау мақсатында алғашқы қадамдар жүзеге асырылды.  

Жоспар ұйымдастырушылық-құқықтық, техникалық іс – шараларды, сонымен қатар адами әлеуетті басқару және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз қолдану тәсілдерін халыққа танытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды,  жалпы 41 іс-шара қарастырылған. 

Министрлік тарапынан ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша 2017 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші отырысында мақұлданып, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына жолданған Қазақстан Республикасы Заңы жобасына түзетулер кешенін енгізу арқылы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманыны жетілдіру қамтамасыз етілді.

Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жылдың соңына дейін ақпараттық қауіпсіздік саласындағы 39 техникалық стандарт жаңғыртылады және жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім берудің кәсіби стандарттары тізілімі кеңейтіледі.

Қазақстандық софтверлік және электронды өнеркәсіп өнімдерінің басымдылығын арттыру бойынша кезеңдік жұмыс жүргізілуде. 

«Атамекен» ҰКП және бағдарлық ассоциациялармен бірлесіп Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электронды өнеркәсіп өнімдері тізбесін құру, қалыптастыру және жүргізу тәсілдері әзірленді.  

Білім және ғылым министрлігімен әрекеттесе отырып, 2017 – 2018 оқу жылында «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша мемлекеттік гранттар саны 160-қа дейін, магистратура бағдарламасы бойынша – 14-ке, докторантура бағдарламасы бойынша – 5-ке арттырылды. Осыған дейінгі оқу жылымен салыстырғанда мемлекеттік білім беру тапсырысы 114 орынға өсті.

Министрлік ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды «Қазақстанның киберқалқаны» Киберқауіпсіздік тұжырымдамасын іске асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес жалғастырады.

 

Анықтама:

Киберқауіпсіздік тұжырымдамасын («Қазақстанның киберқалқаны») бекіту туралы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 407 қаулысы.

Киберқауіпсіздік тұжырымдамасын («Қазақстанның киберқалқаны») іске асыру жөніндегі 2022 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қазандағы № 676 қаулысы.

 

5-ші  Фесенков оқулары: «Қазақстанның ғарыштық ғылымы: бүгінгі күйі мен болашағы»

1-ші АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ 5-ші  Фесенков оқулары: «Қазақстанның ғарыштық ғылымы: бүгінгі күйі мен болашағы» халықаралық семинарын өткізу туралы хабарлайды. Семинар «Қазақстанның ғарыш жолы: бүгіні мен болашағы -2017» халықаралық форумы шеңберінде Астана қаласында өткізіледі

Сілтеме: http://ncsrt.kz

 

«Ассы-Түрген» обсерваториясына баспасөз-тур

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығының В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институтында («ҰҒЗТО» АҚ)  биіктаулы «Ассы-Түрген» астрономиялық обсерваториясына республикалық БАҚ журналистерінің баспасөз-туры өткізілді.

Ассы-Түрген үстіртіне журналистердің келуі Қазақстандағы ең үлкен, айнасының диаметрі 1,5 метрлік АЗТ-20 телескопының іс жүзіндегі жұмысы басталуына орай ұйымдастырылды.

Соңғы екі жыл бойы обсерваторияда осы аспапты іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілді. Телескоп пайдалануға өткен ғасырдың 90-шы жылдары дайындалған болатын, алайда, пайда болған экономикалық және саяси дағдарыстар жұмыстарды аяқтауға кедергі жасады. 2016 жылы телескоп жұмыстары қайта қолға алынды, электромеханикалық бөлікті қалпына келтіру, айнаны тазалау, басқару мен деректер таратудың заманауи жүйелерін сатып алу және бейімдеу бойынша жұмыстар атқарылды. Үстіміздегі жылы телескоп тестілеу сынақтарынан өтті және онда алыс ғарышты зерттеу бойынша жұмыстар басталды.

Обсерваторияда 1-метрлік Карл-Цейс телескопы жұмыс істейді, онда Хербиг класты жас жұлдыздарға, симбиотикалық нысандарға және рентген компонентті қосарлы жүйелерге зерттеулер жасалады.

2017 жылы геостационар орбитадағы нысандар мен ғарыштық қоқыстарды зерттеуге арналған RC500 0,5 метрлік телескопы орнатылды.

«Ассы-Түрген» обсерваториясы» Алматы қаласының шығысында, теңіз деңгейінен 2750 метр биіктікте орналасқан, өте қолайлы астроклиматқа ие: атмосфераның жоғары мөлдірлігі, жарқылдардың болмауы және өте төмен турбуленттік. Міне, сондықтан да, бұл нысанмен отандық астрономиялық ғылымның даму болашағы тығыз байланысты.

«Ассы-Түрген» обсерваториясы «ҰҒЗТО» АҚ мен ФАФИ даму стратегиясында ашық халықаралық ынтымақтастық үшін ғылыми хаб ретінде тікелей пайдаланылады. Өзінің орналасуы, астроклиматтық шарттар мен жарықтық ластанудың жоқтығы арқасында осы обсерваториядан алынған деректер әлемдік ғылымда сұранысқа ие болып отыр.

Қазіргі уақытта айнасының диаметрі 3,6 метрлік анағұрлым ірі телескоптың құрылысы бойынша инвестициялық ұсыныс әзірленуде және ұсынылуда. Бұл жобаны жүзеге асыру Қазақстанға халықаралық астрономиялық қауымдастықтағы маңызды элемент болуға жол ашады.

«Ассы-Түрген» обсерваториясында түрлі ғылыми ұйымдар мен университеттердің жаңа телескоптарын орнату жоспарланған. Ол әлемдік ғылымның ортасында бола отырып, қандай тақырып болса да жетекші топтардың жобаларындағы жемісті топтасуды жүзеге асыруға жол ашады.

Тянь-Шань астрономиялық  обсерваториясының телескоптарын жетілдіру тәжірибесіне сүйене отырып, телескоптарды біртұтас жүйеге біріктіру қағидасы пайдаланылуда, мұндай жағдайда деректер ағынын және оларды өңдеуді біріктіру іске асырылады. Бұл жақын болашақта бірнеше телескоптардан бір мезгілде бақылау жүргізуге және деректерді жинақтауға мүмкіндік береді.

В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институттың жетекші ғылыми қызметкерлері мен басшылары масс-медиа өкілдеріне Ассы-Түрген обсерваториясы телескоптарын көрсетті, институт пен ғылыми қызметті дамыту жоспарларымен бөлісті.

Ғылымға жас ғалымдардың келуіне байланысты ФАФИ өзінің болашағына үлкен үмітпен қарайды, сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш министрлігі мен Қазғарыш тарапынан қолдау болатынына сенім артады.

 

Александр Губерт, «ҰҒЗТО» АҚ

«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы, «ҰҒЗТО» АҚ  «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жыл 22 қаңтардағы № 38  қаулысына сәйкес, қайта құру жолымен құрылды.

АҚ қыметінің негізгі мәні  ғарыштық зерттеулер мен технологиялар саласында ғылыми-зерттеу, сынақ-конструкторлық және өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Орталық іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізуді және орындауды қамтамасыз етеді.

www.youtube.com/channel/UCbQzfiPUXJVxUs3U74FcUWQ