Ғарыштық техника және технологиялар


Қазақстан Республикасында зымыран-ғарыш техникасы мен ғарыштық технологияларды құруды ғылыми-технологиялық қамтамасыз етуді әзірлеу

• Ғарыштық техника және технологияларды құруда ғылыми және ғылыми-технологиялық базаны дамыту үшін төмендегідей бағыттарда жұмыстар жүргізу жоспарлануда:

• микро- және наноспутниктердің кіші жүйелерінің, желілерінің, жабдықтар мен құралдарының эксперименталды және тәжірибелік үлгілерін әзірлеу;

• ғарыш жүйелерінің шығыс деректерін өңдеу технологияларын әзірлеу;

• жоғары дәлдікті навигацияның және инерциалды-навигацияның, спутниктік навигацияның құралдарының жерүсті және пайдаланушы сегменттерін өндіру технологияларын әзірлеу;

• статикалық және динамикалық объектілердің координаттарын жоғары дәлдікте анықтау және қозғалыс мониторингі үшін техникалық жүйелер мен құрылғылардың эксперименталды және тәжірибелік үлгілерін әзірлеу;

• түпкілікті пайдаланушылар үшін техникалық жүйелер мен құрылғылардың эксперименталды және тәжірибелік үлгілерін әзірлеу.