Қазақстандық ғарышкерлердің ғылыми бағдарламалары


Ғарыштық кеңістікте ғылыми зерттеулер мен эксперименттер бағдарламасын жүзеге асыру

Т.О. Әубәкіровтің ұшуы

  • 2 қазан 1991 жыл – 10 қазан 1991 жыл, «Мир» станциясы, Ұшу ұзақтығы – 7 тәулік 22 сағат 13 минут;

Т.А. Мұсабаевтың ұшулары

1-ші ұшуы – 1994 жылғы 1 шілдеден 4 қарашаға дейін, ЭО-16 «Мир» станциясында. Ұзақтығы 125 тәулік 22 сағат 53 минут 36 секунд;

2-ші ұшуы – 1998 жылғы 29 қаңтардан 25 тамызға дейін. ЭО-25 «Мир» станциясында. Ұзақтығы 207 тәулік 12 сағат 51 минут 2 секунд;

3-ші ұшуы – 2001 жылғы 28 сәуірден 6 мамырға дейін. ЭП «Мир» станциясында, ұзақтығы  7 тәулік 22 сағат 4 минут 3 сек.

  • Микрогравитация жағдайында металл қорытпалардың еру процесіне ғарыш кеңістігі факторларының әзерін зерттеу, ауыспалы металдар негізіндегі басқа да қабатты материалдарға, көп қабатты композициялық адюминидтер мен модификацияланған кеуек апатиттер негізіндегі жоғарытемпературалы аса жоғары өткізгіштер негізінде болашақ материалдар мен аспаптардың,  ұлпа тектес материалдардың физикалық қасиеттерін зерттеу.
  • Микрогравитация жағдайында борттық электронды аппаратураның бұзылуы және модульдердің істен шығуы механизмін тіркеу және зерттеу.
  • Жоғары атмосферадағы физикалық және оптикалық құбылыстарды, мезосферадағы динамикалық құбылыстарды зерттеу
  • Ғарыштық ұшу факторларының жоғары организмдер геніне, ұшқыштардың жұмыс істеу қабілетіне, психологиясына, психофизикалық және бейімделу мүмкіндіктеріне әсерін зерттеу.

А.А. Айымбетовтің ұшуы

  • 2015 жылғы 2 қыркүйектен 12 қыркүйекке дейін. ХҒС-дағы ЭП-18, ұшу ұзақтығы 9 тәулік 20 сағат 13 минут 51 секунд.
  •  «Қорғау» –  табиғи және техногенді апаттар салдарын болжау, шығынын азайту және болдырмаудың жерүсті-ғарыштық жүйесіне эксперименттер жүргізу.
  • «Релаксация-Спектр» – найзағайлы белсенді аумақтар үстіндегі жоғары атмосферадағы күй мен құбылыстарды зерттеу.
  •  «Кулон кристалы» – Микрогравитация жағдайында магниттік өрістегі зарядталған бөлшектердің құрылымы мен динамикасын зерттеу.
  •  «Әсер ету» –  ғарышкердің жұмысына ғарыштық ұшу факторларының әсерін зерттеу.
  • «Контент» – экипаждың психологиялық-физиологиялық күйіне қашықтықтан мониторинг.
  • «Қарым-қатынас» – ХҒС экипажының көпұлтты құрамының жеке және топаралық қатынастарына әсерін зерттеу.
  • «Капиллярлық қан алу» – медициналық зерттеулер.
  • «Дастархан – қазақ ұлттық тағамдарының элементтері бар жаңа функционалды тамақтар.
  • «Ұлы бастама» – басқарып ұшу космонавтикасы жетістіктерін насихаттау.
  • Ғарыштан Гагарин туралы» – Алматы қаласының радиоәуесқойлары мен ХҒС РС борты арасындағы ашық радиобайланыс сеансы.