Алматыда адамзаттың ғарыштық дәуірінің басталуына арналған – ғарыш аптасы – Spaceweek Almaty ашылды.

1957 ЖЫЛҒЫ 4 ҚАЗАНДА БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШАЛАҢЫНАН ТҰҢҒЫШ ЖАСАНДЫ ЖЕР СЕРІГІ ҰШЫРЫЛДЫ.

SPACEWEEK ALMATY-ға «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институтының қызметкерлері, әуесқой-астрономдар, астрофотографтар, қызығушылық танытқан кең қауымдастық қатысуда.

3 октября 2019 жылғы 3 қазанда «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институтында NASA астронавты Шэннон Уокермен кездесу өтті.

SPACEWEEK ALMATY-ның НЕГІЗГІ ІС-ШАРАЛАРЫ AMERICAN SPACE ALMATY/MAKER SPACE ALMATY ӨТЕДІ (SMART. POINT, ALMATY TOWERS, БАЙЗАКОВ КӨШ., 280 )

Бірінші іс-шара #SpaceWeek2019
NASA астронавты Шэннон Уокермен кездесу.

Доктор Шэннон Уокер NASA-ға 2004 жылы іріктеп алынған. 2010 жылы ол Халықаралық Ғарыш Станциясында, 24 және 25 экспедициялардың борт инженері болып 163 күн ұшты.

Ол физика бойынша гуманитарлық ғылымдар бакалавры, Райс Университетінің ғарыштық физика саласындағы ғылым магистрі мен философия докторы дәрежесі бар.

Доктор Уокер өзінің кәсіби жолын 1987 жылы Джонсон Ғарыш Орталығында Rockwell Space Operations Company кәсіпорнында ғарыштық шаттлдар бағдарламасында робототехника диспетчері болып бастаған. Ол Ұшуды басқару орталығында ғарыштық шаттлдардың бірнеше ұшуларының диспетчері болды.


Шэннон Уокер Ұшақтар иелері мен ұшқыштар ассоциациясының және Тоқсан тоғызыншы халықаралық әйел-ұшқыштар ұйымының мүшесі.

Доктор Уокер «The Long Journey to Space» тақырыбында баяндама жасайды.
Күні: Жұма, 4 қазан,
Уақыты: 16:00
Орны: Байзаков көш., 280, SmArt.Point