Сұрақ-жауап

Күні: 13.06.2017

Аты: Азат

Сұрақ: Сəлеметсіз бе?! Мен ҚазҰУ де ғарыш тежникасы жəне технологиялары мамандығы бойынша 3-курста оқимын. Болашақта осы салада еңбек еткім келеді. Өзімнің кəсіби білімімді артыру мақсатында маған осы орталықта тəжірибеден өтуге бола ма?

Жауап: Ия, жоғары оқу орындарының, оның ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ және оның еншілес ұйымдарында (институттарында) – В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институтта, Ионосфера институтында, Ғарыштық техника және технологиялар институтында тәжірибеден өте алады.

Тәжірибеден өту үшін университеттен ресми хат қажет.