Жаңалықтар

02 қазан 2017

 

КАЗИНФОРМ  (ҚАЗАҚПАРАТ) -  «Ассы Түрген» астрономиялық обсерваториясының «екінші өмірі»

 

АЛМАТЫ. 27 09 2017

http://www.inform.kz/ru/astronomicheskaya-observatoriya-assy-turgen-poluchila-vtoroe-dyhanie_a3069223

 

Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығының (ҰҒЗТО) В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институтында ғылыми және технологиялық жабдықтарды жетілдіру жүріп жатыр, деп хабарлайды «Қазақпарат» корреспонденті. Қазғарыштың ең таңғажайып нысаны – «Ассы-Түрген» астрономиялық обсерваториясының бүгінгі тіршілігі туралы «ҰҒЗТО» АҚ Президентінің БАҚ байланыс жөніндегі кеңесшісі Александр Губерт біздің корреспондентімізге сұхбат берді. 

- Александр, өткен жылы жазда Сіз ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің (ҚАӨМ АҒК) баспасөз-қызметімен бірге, Ассы-Түрген обсерваториясы телескоптарын қазақстандық масс-медиа қызметкерлеріне алғаш рет көрсеткен едіңіз. Осы баспасөз-туры кезінде журналистерді ең алдымен не таң қалдырды?

-Осы бірегей нысанның біздің қалада болуы және оның алға қойған міндеттері таң қалдырған болар деп ойлаймын. Ол нысан бүгінде «екінші өмірін» бастап отыр. Мысалы, үстіміздегі жылы Қазақстандағы ең үлкен АЗТ-20 телескопынан іс жүзінде бақылаулар жүргізіле бастады, ол ондаған жылдар бойы тоқтап қалған болатын, биыл пайдалануға берілді. Телескопты іске қосу өткен ғасырдың 90-шы жылдарына жоспарланған еді, алайда орын алған экономикалық және саяси дағдарыстар жұмыстарды аяқтауға мүмкіндік бермеді. 2016 жылы телескоп қайта қолға алынды, электрлі-механикалық бөлшектерді қалпына келтіру, айнаны тазалау, заманауи басқару және деректер тарату жүйелерін бейімдеу бойынша өте күрделі жұмыстар кешені атқарылды. 2017 жылдың басында телескоп тестілеу сынақтарынан өтті және онда алыс ғарышты зерттеу бойынша жұмыстар басталып кетті.

- Обсерваторияны жетілдіру бойынша жұмыстар әлі де жалғасып жатыр ма?

- Ия, қазіргі уақытта институттың мамандары мен инженерлері диаметрі 1,5 метрлік айнасы бар АЗТ-20 телескопының бақылау мұнарасына көтерілу жеделсатысын орнатумен және оны жұмысқа қосумен айналысуда. Ең маңыздысы мұнараның биіктігі телескоптың күмбезімен бірге 46 метрге жетеді. Бұл жерден көтерілген булар бақылау нәтижелерін бұмаламау үшін жасалған. Ғарыштық нысандарды тікелей бақылау үшін күнделікті телескопқа көтерілу қажеттілігі болмаса да (қазіргі заманғы сандық жабдықтар бұл жұмысты қашықтықтан орындауға мүмкіндік береді), телескоптың өзі, аса күрделі процесті механизм ретінде өзіне көңіл аударуды және қызмет көрсетуді қажет етеді. Сонымен қатар, аспапты қазақстандық астрономдардың қонақтары мен әріптестеріне көрсету мүмкіндігінің де маңызы аса зор.

- Қазақстанның ғарыштық ғылымы үшін обсерваторияның рөлі қандай?

 - «Ассы- Түрген» обсерваториясы Алматы қаласынан шығысқа қарай 85 шақырым жерге, теңіз деңгейінен 2750 метр биіктікте, аттас үстіртте орналасқан және ол жердің астроклиматы өте тамаша: атмосфераның жоғары тұнықтығы, жарықтың жоқтығы және өте төмен турбуленттік. Міне, сондықтан да отандық астрономиялық ғылымның дамуы болашағы осы нысанмен тығыз байланысты. 2015 жылы обсеоваторяда RC500 (айнасының диаметрі 0,5 м.) орнатылды, ол геостационар орбитадағы нысандар мен ғарыштық қоқыстарды бақылауға бағытталған, екі ұлттық жер серігі тобы бар Қазақстан үшін бұл өте маңызды. Сонымен бірге, обсерваторияда түрлі ғылыми ұйымдар мен университеттердің жаңа телескоптарын орнату жоспарланған. Бұл әлемдік ілімнің ортасына болумен қатар, белгілі тақырыптар бойынша жетекші топтардың жобаларын табысты біріктіруге мүмкіндік ашады. Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы телескоптарын жетілдіру тәжірибесіне сүйене отырып,  мұнда да телескоптарды біртұтас жүйеге біріктіру қағидасы пайдаланылуда, тек сонда ғана деректерді өңдеу ағынынтоптастыруға және жылдамдығын арттыруға қол жеткізіледі. Ол өз кезегінде, жуық арада бір мезгілде, бірнеше телескоптан бақылау жүргізуге және деректер жинақтауға жол ашады.

- В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институттың әлем ғалымдарымен халықаралық ынтымақтастығының болашағы қандай?

-Астрофизикалық интитуттың халықаралық байланыстары өте кең және шетелдік әріптестерімен ынтымақтастықта орындап отырған бірнеше бағарламалары мен жобалары бар. Обсеоваторияда Карл Цейс фирмасының 1-метрлік телескопы табысты жұмыс істеп тұр, ол телескопта Хербиг класындағы жас жұлдыздарға, симбиотикалық нысандарға және рентген компонентті қосарды жүйелерге  көп жылдардан бері бақылау жүргізіледі.  Айтпақшы, «ҰҒЗТО» АҚ және В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институттың даму стратегиясында «Ассы-Түрген» обсерваториясы ашық халықаралық ынтымақтастық үшін ғылыми хаб ретінде пайдаланылады. Өзінің орналасуына, астрономиялық климаттың оңдылығы мен жарқылмен ластанудың жоқтығына байланысты, бұл обсерваториядан алынған деректер әлемдік ғылымда сұранысқа ие болып отыр. Қазіргі уақытта обсерваторияда неғұрлым ірі, айнасының диаметрі 3,6 метрлік телескоп орнату құрылысына инвестициялық ұсыныс әзірленіп жатыр. Мұндай масштабтағы жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі астрономиялық қауымдастықта Қазақстанның өте маңызды орынға ие болуына жол ашады. Ғылымға жас ғалымдардың келуіне, сондай-ақ Қазғарыш пен Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің  қолдауына  ФАФИ үлкен үмітпен және сеніммен қарайды,

 

- Сұхбатыңыз үшін рахмет?.

 

Автор: Сара Қабиқызы