Жаңалықтар

03 қазан 2017

 

Ғарыштық викторина, немесе кино әуесқойлары үшін жұлдыздарға саяхат

 

4 қазан - ғарыштық дәуірдің басталуына 60 жыл

 

«Меломан» компаниясы В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт және Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ қолдауымен кино әуесқойлары арасында тақырыптық викторина өткізді. Викторина «Салют -7» көркем фильмінің кең экранға шығуына арналған.

Жаңа кинотаспа 1985 жылы маусымда космонавттар Владимир Жәнібеков пен Виктор Савиных құрамындағы экипаж ұшқан «Салют-7» кеңестік ғарыш станциясын құтқару тарихы туралы баяндайды

Викторина қатысушылары әлеуметтік жүйелер бойынша бірнеше сұрақтарға жауап беруі керек болатын, ал жеңімпаздар үшін сыйлық ретінде В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институттың Обсерваториясында болу мүмкіндігі ұсынылды.

Қазан айының бірінші күні викторина жеңімпазы атанған 18 адам Каменское үстіртіндегі Обсерваторияда болды, институттың жетекші маманы Любовь Шестакова арнайы дайындаған ғылыми-көпшілік дәрісті тыңдады, Сихотэ-Алиньский метеоритінің сынықтарын қолдарына ұстап көрді, одан соң өз көздерімен телескоп арқылы жұлдыздар мен планеталарды тамашалады.

 

Кино әуесқойларының «жұлдызды сапары» туралы фоторепортаж:

http://five.kz/fotogalereja-almaty/observatoriya-kamenskoe-plato-spetstur-salyut-7-ot-meloman-kinoprokat-fotootchet-1-10-17.html