Жаңалықтар

05 қазан 2017

 

VEG INFO – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ WEB-СЕРВИС: ӨСІМДІК ҚАБАТЫ  КҮЙІНІҢ ҒАРЫШТЫҚ МОНИТОРИНГІ

 

Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ VEG INFO web-сервисінің ақпараттық-талдау пилотты нұсқасы пайдалануға қосылды. Сервисті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі гранты шеңберінде Жерді қашықтықтан барлау саласының қазақстандық мамандары мен ғалымдары әзірлеген (ҚР БҒМ №0089/ГФ4 гранты «Қазақстан аумағын қашықтықтан барлаудың көпжылдық деректері қатары негізінде құрғақшылық мониторингі мен болжаудың ақпараттық технологиясын әзірлеу»).

 

VEG INFO –  Қазақстан Республикасы өсімдік қабаты күйінің мониторингі, Қазақстанның әкімшілік облыстары мен аудандары деңгейіндегі оның маусымдық және көпжылдық өзгерістерін бағалаудың ақпараттық сервисі. Сервистің негізгі мақсаты – мамандар қызығушылық танытқан аумақтардағы (облыс, аудан, алқаптар алабы) өсімдік қабатының ағымдағы жағдайын бақылау мүмкіндігін жер серігі ақпараттары негізінде қамтамасыз ету.  

VEG INFO сервисіне кіру veginfo.ncsrt.kz web-мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады.

Сервистің пилотты нұсқасында 2012, 2015-2017 жылдар маусымдарының сәуірден қыркүйекке дейінгі өсімдіктер күйі, сондай-ақ Ақмола облысының (Ақкөл және Жақсы) және Қостанай облысының (Аманкелді және Қамысты) жекелеген аудандарының мысалында өсімдік қабатының маусымаралық өзгерістері туралы ақпараттар ұсынылған.

 

 

Кең байтақ жерді алып жатқан және ауылшаруашылығы бағытындағы үлкен алаңдары бар Қазақстан үшін жер серігі технологияларын қолдану өте маңызды.  Жаңа ақпараттық web-сервис мемлекеттік құрылымдарға да (ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, түрлі деңгейдегі аграрлы секторлар), сондай-ақ тікелей ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге, фермерлерге, егінші-диқандар үшін де пайдалы болуы мүмкін. Мұндай мәліметтерге ақпараттық және сақтандыру компаниялары, сонымен қатар, қашықтықтан барлау, ауыл шаруашылығы саласында мамандар дайындайтын ЖОО да қызығушылық танытып отыр.

 

 

 

 

 

«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ