Жаңалықтар

18 қазан 2017

 

Тарихта бірінші рет әлемдік тартылыс күші толқындарының көзі аспанда тұмшаланды

 

Бұл астрономиядағы шын мәніндегі тарихи оқиға, және оған                         В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық инситутта жұмыс істейтін қазақстандық ғалымдардың тікелей қатысы бар

        

Екі қара құрдымның қосылуынан пайда болған әлемдік тартылыс толқындарын ашқаны үшін физика саласындағы Нобель сыйлығының берілгеніне аз ғана уақыт өте сала, екі нейтронды жұлдыздың қосылуы әлемдік тартылыс күші дабылдарының тіркелгені туралы хабарланды. Қара құрдымдардың «қара» деп аталуы да тегін емес, олар өзінен сәуле шығармайды. Сондықтан да, олардың қосылуы әсерінен пайда болған әлемдік тартылыс толқындары «тыныш» режімде өтті, дабыл көздерін дәл тұмшалау іс жүзінде мүмкін болмады (қазіргі уақытта осындай 4 оқиға тіркелген).

Ал жаңа оқиғаның ерекшелігі – ол нейтронды жұлдыздардың қосылуын көрсетеді – мұндай жағдайда, элктромагнитті толқындардың барлық диапазондарында, көрінетін жарықта, радиотолқындарда, рентген және ультракүлгін диапазондарда, гамма-сәулелерде, «жарқыл» пайда болуы мүмкін.

Әлемдік тартылыс күші дабылы 2017 жылғы 17 тамызда LIGO и Virgo детекторларында тіркелді. Аталған дабылдан кейін екі секунд өткенде Fermi ғарыштық телескопында гамма-жарқыл тіркелді. Осы екі дерек негізінде аспан кеңістігіндегі іздеу аймағын едәуір қысқарту мүмкін болды. 10 сағат ішінде Чилиде орналасқан телескоп арқылы әлемдік тартылыс күші толқыны көзі болған галактиканы табуға қол жеткізілді, одан соң оқиға туралы соң жедел хабарлар әлемнің көптеген обсеоваторияларына жіберілді. NGC 4993 галастика дерек көзі екендігі белгілі болды. Осы оқиғадан кейінгі бірнше күн бойы 70 телескоп оған бақылау жүргізді (оның ішінде ғарыштан да бақылау жасалды). Бір ғарыштық нысанды осындай көп құрал арқылы бақылау  тарихта бірінші рет іске асырылды. Болған оқиғаны зерттеу нәтижелері туралы өткен дүйсенбіде, 16 қазан күні әлемнің жетекші ғылыми журналдарында 40 мақала жарияланды.

Сөйтіп, әлемдік тартылыс күші  толқындарының көзі аспанда түңғыш рет тұмшаланды. Нейтронды жұлдыздардың қосылуы болып өткен NGC 4993 галактикасы бізден 130 миллион жарықтық жыл қашықтығында орналасқан және оның дабылдары бізге қазіргі күнде ғана жетті. Демек, нейтронды жұлдыздардың бірігуі осыдан 130 миллион жыл бұрын болғанын айғақтайды. Өте үлкен сандар болғанымен, ғарыштық өлшем шамаларымен алғанда бұл аса ұзақ емес.

Жаңалықтың маңыздылығы – ол күшті режімдегі тартылыс күші теориясының дұрыстығын дәлелдейді. Бұл,  өз кезегінде, ғаламның құрылымдық пайда болуы түсінігі тұрғысынан іргелік зерттеулер деңгейінде біздің дұрыс жолда екендігімізге сенім орнатады. Ең маңыздысы – бұл тек ғылыми жаңалық емес. Шынтуайтқа келгенде, біз астрономияда жаңа дәуірдің тууына куә болып отырмыз: біз электромагнитті сәулелену көмегімен ғарыштағы оқиғаны «көріп» қана қоймастан, Ғаламның ең ұзақ нүктелеріндегі тартылыс күші толқындарын «ұстап» та көре аламыз деген сөз.

Ғылымдағы осындай тарихи оқиғаға қазақстандық ғарымдардың тікелей атсалысуы өте үлкен жетістік және зор мақтаныш. Қазғарыштың Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институтының бірнеше қызметкерлері негізгі мақаланың авторлары құрамына кірді –  Максим Кругов, Анатолий Кусакин және Инна Рева, олар басқа да әлемдік обсерваториялардағы әріптестерімен қатар, алынған тартылыс күші дабылына байланысты оптикалық жарқылға бақылау орнатты. Бақылау Тянь-Шань биіктаулы астрономиялық обсерваториясынан Карл Цейс-1000 1-метрлік телескопы арқылы жүргізілді. Бұл бақылаулар тарихқа мәңгілік енетін орасан жаңалықтың ажырамас бөлігі болып қалады.

 

 

P.S. Гамма-жарқылдарды тұрақты бақылу грантты қаржыландыру (No_0075/GF4) шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан іске асырылады

 

 

«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен

технологиялар орталығы» АҚ