Жаңалықтар

27 қазан 2017

 

«Ғарышқа Қазақстандық жол: жүзеге асуы мен даму келешегі – 2017» Халықаралық форумы қорытындысының

ҚАРАРЫ

 

Астана қ.                                                                             20.10.2017 ж.

2017 жылдың 19-20 қазан күндері Астанада алғашқы жасанды Жер серігінің ұшырылуына 60 жыл толуына арналған «Ғарышқа Қазақстандық жол: жүзеге асуы мен даму келешегі – 2017» Халықаралық форумы өтті.

Форумды ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырды.

Форумның мақсаты – экономика саласындағы мәселелерді шешу үшін ғарыш қызметіндегі нәтижелерді қолдану бойынша тәжірибе алмасу, соңғы он жылдағы ғарыш қызметінің қорытындысын қарастыру, сондай-ақ әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамыту жоспарларын талқылау.

2013 жылы алғаш рет бастау алған жыл сайынғы «Қазақстандағы ғарыш күндері» Семинары биылғы жылы өзінің әсер ету аумағы мен шекарасын кеңейте түсіп, Халықаралық форумға айналды.

Бұл шараға 660 ғарыш мекемелері мен мемлекеттік органдардың өкілдері, танымал ғалымдар, әлемнің 22 елінен ғарыш технологиясы саласындағы жетекші компанияларының мамандары қатысты.

Пленарлық отырыс аясында «Роскосмос» Мемлекетттік корпорациясы, француздық «Airbus Defence and Space» және «Thales Alenia Space» компаниялары, ресейлік «академик М.ФРешетнев атындағы Ақпараттық спутниктік жүйе» АҚ, швейцариялық «Leica Geosystems», канада-испандық «Urthecast/Deimos Imaging» компаниялары, Біріккен Араб Әмірліктерінің ғарыш агенттігі, В.Г. Фесенков атындағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Астрофизикалық институт өкілдері сөз сөйледі. 

«Еуразиялық технологиялық платформа «Ғарыштық және геоақпараттық технологиялар – жаһандық бәсекеге қабілетті өнімдер» Консорциумы қатысушыларының жалпы жиыны өтті.

Сонымен бірге «Мемлекеттің интеграциялық жүйесі – Жерді қашықтықтан зондтаудың ұлттық дерек көзі негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметті ұсыну бойынша Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі» мемлекетаралық бағдарлама жобасына дайындық бойынша Мемлекетаралық жұмыс тобының 1-ші отырысы өтті.

Халықаралық форум жұмысы 5 секциядан тұрды және олар аясында шеберлік сыныптар өткізілді. Келесі тақырыптар талқыланды:

1-ші секция. «Қазақстан Республикасының экономика саласында Жерді қашықтықтан зондтау және дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі технологиялары тәжірибелерін пайдалану»

Бұл секция барысында 23 баяндама тыңдалды. Түрлі елдерден баяндама жасаушылар экономикада, сондай-ақ қорғаныс пен қауіпсіздікте Жерді қашықтықтан зонтау мен дәлдігі жоғары навигация жүйесі технологияларын қолдану тәжірибелерімен бөлісті. Осы тақырыпта Қазақстан, Франция, Ресей Федерациясы, Қытай мен Канада мамандары өз баяндамалары мен презентацияларын көрсетті.

Француздық «Airbus Defence & Space» және Ғарыштық Қытай технология академиясы мамандарының баяндамалары үлкен қызығушылық тудырды.

 2-ші секция.  «Ғарыш техниканы өндіру»

Секция бойынша 9 баяндама тыңдалып, талқыланды, оның ішінде ғарыш техниканы әлемдік өндірушілер баяндама жасады: AIRBUS D&S, Thales Alenia Space, Surrey Satellite Technology Ltd. (SSTL), М.ФРешетнев атындағы ресейлік «Ақпараттық спутниктік жүйе» АҚ, «Sereme, China Academy of Space Technology. Сонымен бірге соңғы үлгідегі «KazEOSat» спутнигін жүзеге асыру туралы «Ғалам» ЖШС-нің де баяндамасы тыңдалды.   

3-ші секция.  «Байланыс және телекоммуникация»

Бұл секцияда Қазақстан, Италия, Ресей, Қытай, АҚШ және Германия мамандарының 11 баяндамасы тыңдалды. Портативті жоғары жиілікті анализаторды қолдану мен спутниктік байланыс жүйесін тестілеуден өткізу жайында болған шеберлік сыныбы қатысушылардың қызығушылығын оятты.

4-ші секция. «Ғарыш технологияларының даму болашағы мен Қазақстан Республикасының ғарыш саласына инвестиция тарту»

Секция барысында Қазақстан, Ресей, АҚШ және Щвецария өкілдерінің 6 баяндамасы тыңдалды. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін келешекте халықаралық деңгейде (Digital Globe, РКС) қолдану, сондай-ақ Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі бойынша түрлі елдермен өзара ынтымақтастық (Еуразиялық технологиялық платформа туралы баяндама)  тұрғысында жасалған баяндамалар қатысушылардың назарын аударды. Қазақстан жағы «Электронды құралдар бақылау жүйесі» пилоттық жобасы нәтижесі туралы айтты.

5-ші секция. ««Байқоңыр» ғарыш айлағы қызметінің экологиялық қауіпсіздігін арттыру»

Бұл секция бойынша 9 баяндама тыңдалды.

Аталған Халықаралық форумның ерекшелігі оның аясында форумның екінші күні Астана қаласында алғаш рет өткізілген «Қазақстандағы ғарыш ғылымы: қазіргі жағдайы мен даму келешегі» тақырыбындағы Фесенков оқулары» атты ғылыми конференцияның өтуі.

Фесенков оқулары жұмысына Қазақстан мен Ресей ұйымдарының жетекші ғалымдары мен мамандары, сонымен бірге Назарбаев университетінің, Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰЗТУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ өкілдері қатысты.

Конференцияда келесі мәселелер бойынша баянадамалар жасалды: заманауи бақылау әдісін жетілдіру және ақпараттық технология негізінде алыс-жақын астрофизикалық ғарыш нысандарын зерттеу; Күн-Жер физикасы мен геодинамикасы; ғарыштық техника мен технологиялардың аспаптары және аппараттық-программалық құралдары; Қазақстанда аэроғарыштық материалтанудың маңызды түйіткілдері.

Жалпы алғанда 118 баяндама мен сөздер тыңдалды, бұл барлық секция жұмысы өте тиімді болғанын көрсетеді. 

Халықаралық форум шеңберінде әрекеттегі және потенциалды серіктестермен кездесулер өткізілді.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов «Airbus Space Systems» аға вице-президенті Хьюг Лапорт-Вейвадамен және М.ФРешетнев атындағы «Ақпараттық спутниктік жүйе» АҚ бас директоры Николай Тестоедовпен екіжақты кездесу өткізді. 

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің және оған қарасты ұйымдар басшылығы 30 кездесу өткізді. Сонымен қатар бірнеше ресми құжаттарға қол қойылды:

- «Республикалық ғарыш байланысы орталығы» АҚ (ҚР) мен М.ФРешетнев атындағы «Ақпараттық спутниктік жүйе» АҚ (РФ) арасындағы «KazSAT-2» ғарыш аппаратын пайдалану аясында шығыс ұзақтығы 86.5 градустық орбиталық бағдардағы жиіліктік ресурс мәселелері жөнінде өзара ынтымақтастық туралы Келісім;

 - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ (ҚР) мен «King Development» ЖШС (Малайзия) арасындағы Астана қаласында Ұлттық ғарыш орталығын салудың екінші кезектігі туралы ынтымақтастық Меморандумы;

- «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ (ҚР) мен Қытай ғарыштық технологиялар академиясы (CAST) арасындағы қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған 1,2-ші KazEOSat спутниктерін ауыстыру үшін Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің 3,4-ші спутниктерін құру мәселелері бойынша, сондай-ақ экономиканың түрлі салалары үшін ғарыштық суреттерді пайдалану бойынша ынтымақтастық Хаттамасы;

- Қазақстанның Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті (ҚР) мен «Satrec Initiative» компания (Корея) арасындағы Қазақстан Республикасының ғарыштық сала мамандарының біліктілігін арттыру бойынша қызметтер туралы Келісім.

Сонымен бірге, форум аясында Астана қаласындағы Ұлттық Ғарыш орталығында «Мәдениет диалогы – Бірыңғай әлем» Халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен алғаш ғарышқа ұшқан Ю.А. Гагарин ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Халықаралық форум кең ақпараттық сүйемелдеуге ие болды. Аталған тақырыптама бойынша 41 БАҚ-та (телеарналар, газет пен журналдар, ақпараттық агенттіктер) 120-дан аса материал (жаңалық сюжеттері, мақалалар, сұхбаттар, тікелей қосылымдар, бағдарламалар, фото және бейнерепортаждар) жарық көрді.     

Форум туралы қорытынды ақпарат (баяндамалар, презентациялар,  фотоматериалдар) www.gharysh.kz/forum2017 сайтында орналастырылды.

  Халықаралық форумға қатысушылар өзара пікір алмасу мен тәжірибелермен бөлісу жемісті болды деп санайды. Бірлескен жұмыс нәтижелерін келесі шешімдер мен ұсынымдардан көруге болады:

ЖҚЗ мен ДЖСНЖ технологияларды, ғарыштық байланысты қолдану және ғарыштық техниканы құрастыру бойынша:

- Жерді қашықтықтан зондтау мен дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі технологияларын Қазақстан Республикасы экономикасының мүдделеріне қарай және ұлттық қауіпсіздік мақсаттарында қолдану мәселелері бойынша жетекші компаниялармен әріптестікті жалғастыру;

- жаңа технологияларды бірлесіп жасау бойынша, сондай-ақ Жерді қашықтықтан зондтау мен байланыс спутниктерін локалды өндіруді дамыту бойынша кооперацияны күшейту;

- жетекші компаниялардың ұсыныстарын зерттеп, ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетіне ЖҚЗ мен ДЖСН, байланыс жүйелерін дамыту бойынша ұсыныстармен қоса сараптамалық материалдарды енгізу; 

- ғарыш техниканы өндіру тәжірибелерімен бөлісу;

экологиялық қауіпсіздікті жоғарлату үшін келесі бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп атқару маңызды:

- «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы зымыран-ғарыш қызметінің экологиялық қауіпсіздігін арттыру;

- топырақты лас ғарыштық зымыран отынан уытсыздандыру үшін тиімді технологияларды жасау;

- қоршаған орта нысанында лас ғарыштық зымыран отынның транформациясы процестерін зерттеу, моделдеу және болжау;

- іргелес аймақтағы тұрғындар өмірі мен денсаулығын сақтау есебінде «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы зымыран-ғарыш қызметінің бүлінген аумақтарына экологиялық мониторинг жүргізу;

Еуразиялық технологиялық платформасының қызметі бойынша:

- Армения өкілінен-Инновациялық және өндірістік даму қорынан түскен өзін «Ғарыштық және геоақпараттық технологиялар – жаһандық бәкеге қабілетті өнімдер» атты Еуразиялық технологиялық платформасы Консорциумы құрылтайшысы құрамына қосу туралы өтінішімен келісу;

- Бірыңғай технологиялық платформа негізінде жаңа кооперациялар құру мен түрлі елдердің Жерді қашықтықтан зондтау мен дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі мүкіндіктерін біріктіру;

- 2017 жылдың 25 желтоқсанға дейін Консорциумның бекітілген Жұмыс жоспарын және ЕЭК-те бірлескен жобалардың Тізімін беру;

ғарыштық зерттеулер мен кадрлық потенциал бойынша:

- қоршаған ортаны, табиғи ресурстарды, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жерүсті ғарыштық бақылаудың ғылыми-әдістемелік негізін құрастыру бойынша зерттеулерді жалғастыру;

- аэроғарыштық материалтануды дамытуды жалғастыру;

- ғарыштық кеңістікті зерттеу үшін заманауи астрономиялық технологияларды дамытуды жалғастыру;

- ғарыштық техника мен технологиялардың аспаптары және аппараттық-программалық құралдарды құрастыруды жалғастыру;

- Қазақстан экономикасының салаларына жоғары ғылыми технологияларды ендіру жұмысын белсенді атқару;

- жас ғалымдарды ғарыштық бағыттағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарына тарту;

- ғарыштық зерттеулер мен технологиялар саласындағы Қазақстанның, Таяу және Шығыс елдерінің жетекші ЖОО-мен ынтымақтастықты жүзеге асыру;

- ғарыштық және жанама салалар бойынша докторлық бағдарламаларға бөлінетін гранттар санын көбейту мүмкіндігін қарастыру;

- «Ғарышқа Қазақстандық жол: жүзеге асуы мен даму келешегі» жалпы атаумен конференция еңбектері мен материалдарының жинағын мерзімді түрде жариялау.