Жаңалықтар

11 сәуір 2018

12 сәуір

Дүниежүзілік авиация және

космонавтика күні

 


Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті

АО «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ

«Ғарыштық техника және технологиялар институты»

 

Баспасөз-хабарлама

Ғарыштық техниканың ғылыми-эксперименттік зертханасының ашылуы

Алматы қаласында Қазақстан экономикасының түрлі салаларындағы соңғы тұтынушылар үшін ғарыштық техника мен технологиялар және аппараттық-бағдарламалар жүйесі саласындағы жоғарытехнологиялы өнімдерді әзірлеуге арналған жаңа инновациялық ғылыми-эксперименттік зертхана ашылды.

Жаңа зертхана Ғарыштық техника және технологиялар институтының құрылымдық бөлімі болып табылады және ғарыштық техника мен технологияларды құру мен қолдануда Қазақстанның қатысуын анағұрлым арттырады, ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамытуды жаңа белестерге көтеруге, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, машинажасау, микро- және радиоэлектроника саласында инновациялық жобаларды табысты іске асыруға жол ашады.

Зертхана 2018 жылғы 06 сәуірде пайдалануға берілді.

 Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Еркін Шаймағамбетов тиісті құжаттарға қол қойды.

Зертханаға құрамына ғарыштық аппараттардың (ҒА) радиоэлектронды жүйелерін (РЭЖ) тестілеу және сынаудың өлшеу аспаптары мен аппаратуралары кешені, ғарыштық аппараттармен байланыс арналарын қамтамасыз ету үшін қабылдау-тарату жүйелерінің радиожиілікті трактін әзірлеуге арналған аспаптар кешені, жер серігі навигациялық технологияларын әзірлеу аспаптары мен аппаратуралары кешені, жаңа бұйымдардың эксперименттік және сынақ үлгілерін дайындауға арналған механикалық бөлімшесі кіреді.

Ғарыштық техника мен технологияларды әзірлеу және сынау ғылыми-эксперименттік зертханасының жабдықтары, аспаптары мен аппаратуралары Қазақстан Республикасы экономикасының түрлі салаларында қолдануға арналған ғарыштық техника мен технологиялардың, ақпараттық-коммуникациялық жүйелердің, бағдарламалы-техникалық кешендердің жаңа үлгілерін жасап шығаруға мүмкіндік береді

 

«ҰҒЗТО» АҚ

Алматы қ. Шевченко көшесі, 15 

+7727 385 49 36,  +7 701 755 14 51(WhatsApp)

http://www.spaceres.kz  /  http://istt.kz/ru

11 сәуір 2018 ж.