Жаңалықтар

28 мамыр 2018

«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ

2018 жылғы 23-24 мамыр күндері «KADEX - 2018»

V Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі шеңберінде

өткен «Қазақстандағы ғарыш күндері» Халықаралық форумына қатысты

 

IMG_8013_thumb.jpg

            Астана қаласында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өткізген  «KADEX - 2018»  V Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі шеңберінде «Қазақстандағы ғарыш күндері» Халықаралық форумы өз жұмысын аяқтады. «KADEX» көрмесін өткізу тарихында алғаш рет отандық және әлемдік космионавтика  жетістітеріне арналған жеке павильон ұйымдастырылды.

IMG_7871_thumb.jpg

Көрмеде Қазғарыш кәсіпорындары «Ғарыш» 6-павильонында орналасты. «Ғарыш» павиольоны «KADEX - 2018» көрмеснің 10 павильонының бірі, оның аумағы 1322 шашы метрді алып жатты. Павильонда әлемнің 8 елінің 13 компаниясының экспозициялары ұсынылды. Қазғарыштың  жеке блогында «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ экспозициялары көрсетілді

IMG_7870_thumb.jpg

Көрме аясындағы «Қазақстандағы ғарыш күндері» конференциясы 23 мамыр күні сағат 15-те пленарлы мәжіліспен басталды және келесі күні де жалғасты. Жұмыстар тақырыптық секцияларда жүргізілді.

Форумның негізі мақсаты эксономика саласындағы міндеттерді шешу үшін ғарыш қызметінің нәтижелерін пайдалану бойынша әлемдік озат тәжірибелермен алмасу, сондай-ақ Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістіктерді насихаттау болды.

IMG_7923_thumb.jpg

Пленарлы мәжілістің ашылуында вице-премьер  А. Мамин, ҚАӨМ министрі Б. Атамқұлов, Сенат депутаты, ұшқыш-ғарышкер Т. Мұсабаев, Airbus Defence and Space Хьюг Еуропа концерні франциялық құрылымының аға вице-президенті Лаппорт Вейвада, Украина Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Павел Дегтяренко құттықтау сөз сөйледі. Халықаралық ғарыш станциясының экипажы Антон Шкаплеров пен Олег Артемьев конференция қатысушыларына өздерінің сәлемін жолдады.

IMG_7970_thumb.jpg

«ҰҒЗТО» АҚ атынан конференцияда төмендегілер өздерінің баяндамасын ұсынды:

 Асылхан Бибосинов, В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институты директоры -  «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ  халықаралық ынтымақтастығы» және Берік Ысқақов, «Ионосфера институты» ЕЖШС Жерүсті-ғарыштық, геодинамикалық  және геофизикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі – Жерді қашықтықтан барлауды және GPS-технологияларды геодинамикада қолдану».

«KADEX - 2018» көрмесі жұмыс барысында «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ Президенті Шыңғыс Омаров  шетелдік компаниялар,  оның ішінде Иордания Хашимит Корольдігі өкілдерімен кездесулер және келіссөздерге қатысты.

IMG_8015.JPG

Көрменің соңғы жұмыс күні Иордания Хашимит Корольдігі делегациясы «ҰҒЗТО» АҚ офисімен және В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институтымен танысу мақсатында арнайы Алматы қаласына ұшып келді, жоғарыда аталған ұжымдарда болды.

IMG_8022.JPG

 Қонақтар ғарыштық мониторинг және ғарыштан Жерді қашықтықтан барлау саласындағы Орталықтың мүмкіндіктерімен, сондай-ақ астрофизикалық зерттеулердің эксперименталдық базасымен және болашағымен танысты.

Өзара тиімді ғылыми ынтымақтастықты жолға қою және дамытуда үлкен қызығушылық танытылды.

IMG_8029_thumb.jpgIMG_8057_thumb.jpg

 

«ҰҒЗТО» АҚ