Жаңалықтар

22 маусым 2018

2018 жылғы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциализациялау жобаларын грантты қаржыландыруға конкурс жарияланды

 

«Ғылым қоры» АҚ 2018 жылғы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциализациялау жобаларын грантты қаржыландыруға конкурс жариялады.

Кеше, 21 маусымда, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ ғылыми қызметті коммерциализациялау бойынша Ғылым қоры конкурстық құжаттамаларын түсіндіру бойынша семинар болып өтті. Семинарды қор қызметкерлері «ҰҒЗТО» АҚ және оның институттары өкілдері үшін өткізді, себебі, экономиканың 44 секторы тізбесіне ғарыштық технологиялар, жаңа материалдар мен технологиялар, сондай-ақ автоматтандыру мен роботтандыру сияқты салалар басым бағыттар ретінде енгізілді.

Бұдан бұрын, 2016 және 2017 жылдардың нәтижелері бойынша, конкурсқа ұсынылған 839 өтінімнің 96 жобасы 20 млрд. 700 млн теңге сомасына қолдау тапқан болатын. Аталған 96 жобаның ішінен 80 жоба бизнес тарапынан 2,7 млрд. теңге қосымша қаржыландыруға ие болды. Өтінімдерді қарау мен аталған конкурс жеңімпаздарын анықтауда жеке әріптестікке жеңілдік критерийлері  берілетінін атап өтуіміз керек.

Бір жобаны іске асыруға бөлінетін грант сомасы 300 миллион теңгеге дейін жетеді. Өтінімдер қабылдаудың басталуы 18 маусым, ал өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні – 2018 жылғы 01 тамыз.

Гранттар ұсыну үшін бірқатар шарттар бар. Жоба жетекшісі Қазақстан азаматы болуы тиіс, жобаны жүзеге асыру Қазақстан Республикасы аумағында орындалады, жобаны орындау құрамы 7 адамнан аспауы қажет (коммерциализациялау маманы болуы шарт), жобаны іске асыру мерзімі – 3 жылға дейін.

Гранттар алу конкурсына ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілері, жеке кәсіпкершілік субъектілері, стартап-компаниялар, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциализациялау орталықтары (ҒТҚНК), түрлі сервистік компаниялар, технологиялық парктер, сондай-ақ инвестициялар мен коммерциализацияны іске асыратын тұлғалар қатысуы мүмкін.

Жобаларды бағалау критерийлері: өзектілігі, ғылыми-техникалық әлеуеті, жобаның коммерцияға дайындығы. Техникалық және өндірістік қатерлерді бағалау, маркетинг зерттеулер жүргізілуі тиіс, бірлесіп қаржыландырушының болғаны дұрыс. Жобаны іске асырудың қаржылық жоспары мен экономикалық көрсеткіштер болуы қажет.

Конкурс жеңімпаздарын анықтауда не маңызды және неге назар аудару керек?

Жеке сектор тарапынан бірлесіп қаржыландырушының болуы, өнімнің эксперименттік партиясының зертханалық және/немесе өнеркәсіптік үлгілерінің болуы, сынақтар туралы акті болуы, өнеркәсіптік/стратегиялық әріптестің болуы, рұқсат құжаттамалардың болуы, патенттің және патент алуға өтінімнің болуы, құзіретті команда, жүргізілген маркетинг зерттеу немесе ықтимал нарықты зерттеу, жоғары деңгейлі материалдық-техникалық базаның болуы.

Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызметті орындау барысында алынған және кез келген ақпараттық тасымалдаушыда тіркелген жаңа білім немесе шешімдер, ғылыми әзірлемелер мен технологиялардың өндіріске енізілуі, сондай-ақ жаңа бұйымдар, материалдар мен заттардың моделі, макеті мен үлгілері алынған грантты қаржыландыруға сәйкес орындалған жобаның нәтижесі болып табылады.

Өнімді (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) жасап шығару және (немесе)  сатуды ұйымдастыру мүмкіндігі болуы, немесе шығарылатын өнімдерді жасау процесін жетілдіру, немесе зияткерлік меншік нысандарын пайдалануға құқықты сатуды ұйымдастыру болуы тиіс – нәтижесінде коммерциялық табыс алынуы қажет.

 

Семинар қатысушылары «ҰҒЗТО» АҚ

 

***

«Ғылым қоры» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ғылым қоры» акционерлік қоғамын құру туралы» 2006 жылғы 7 қарашадағы №1057 қаулысына сәйкес ұйымдастырылған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қордың Жалғыз акционері болып табылады.

Қор қызметінің негізгі мәні – еліміздегі ғылыми зерттеулердің тәжірибе жүзінде іске асырылуын қамтамасыз ететін басым бағыттардың, бастамашыл, қатерлі зерттеулердің дамуына қолдау көрсету.

2016 жылдар бері қарай Қор ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциализациялау жобаларын грантты қаржыландырудың операторы болып табылады.

 

 

Александр Губерт