Жаңалықтар

20 маусым 2018

30 маусым –Астероид күні

 

Ғарыш кеңістігі жайында  біз үнсіз қуыстық жөнінде ойлаймыз, алайда Ғалам және көптеген ғарыш объектілері секундына ондаған километр жылдамдықпен жылжитын тастардың ұсақ және үлкен жарықшақтарынан жиналған ғарышқа жүз миллиондаған миль енген асқынжаңа жұлдыздар жарқылы және қара құрдым  өте қауіпті радиациялық сәулелену шығаратын  қатігез орын болып табылады.

Осындай үлкен объектілермен соқтығысуы және осы жерде біздің планетада да болды.

Диаметрі он километр болатын астероид алпыс бес миллион жыл бұрын динозаврларды жойды. Және осыған ұқсас соқтығысу тағы да болуы мүмкін. Елді мекен орындарына егер ғарыш тасының кішкентай сынығы түссе миллиондаған өмірді өлімге душар етуі мүмкін.

Аспан денелерінің жарықшақтары әртүрлі тығыздықта болуы және әртүрлі  компоненттерден тұруы мүмкін. Кейбіреулері тас түрінде болса, басқаларының құрамында көбірек тығыз материалдар бар, мысалы никель, темір және кобальт.

Нақты объектінің қаншалықты қауіпті екендігін көптеген факторлар анықтайды.  Аспан қонағы әлеуетті ие болуы мүмкін соққының толық энергиясы оның құрамына, оның құрылымы қаншалықты кеуекті немесе тығыз болып табылатындығына, өзінің осінің маңында оның айналу жылдамдығы қандай екендігіне байланысты болады.   

2013 жылдың 15 ақпанында Ғалам бізге кезекті ескертуін жіберді. Ресейдің  Челябинск аймағы үстінде ауада едәуір шағын көлемдегі (диаметрі 17 метр шамасында) астероид жарылды. Негізінен әйнектің жарылыстан сынған жарықшақтарынан мыңнан аса адам жарақаттар алды. Бұл жағдай астероидтерпен соқтығысудың нақты зардаптарын көрсететін нақты, деректі, тіркелген  мысал. Соның ішінде, және осы себептен оларды зерттеу қажет.

Астероид көлемінен басқа ол Жер астосферасына кіретін бұрыштың да үлкен мәні бар. Құлау бұрышы соққының қуатына және ықтимал қиратулардың санына әсер етеді, өйткені Жер бетіне тіктеу енетін объектілер қысқа астмосфералық жол жүреді және асмосфераға тереңірек енуі мүмкін. Астероид Жер атмосферасына түскен кезде ол жана бастайды және қирайды, және өте ұсақ тас түрлері  қызады және ауада жарылады. Олар асмосфераға енген бұрыш неғұрлым үлкен болса, ол жарылмас бұрын жер бетіне соғұрлым жақынырақ жетуі мүмкін.

 

Астероид күні (Asteroid Day) – астероидтардың Жермен апатты соқтығысуынан біздің планетаны, қоғамды, отбасыларымызды және болашақ ұрпақты қорғау мақсатында астероид қаупін және алдын алу әдістерін түсіндіруге арналған халықаралық ақпараттық кампания Бұл күн аталған кампанияның Бастамашыларымен 2014 жылы құрылды:

  • Григ Рихтерс, “51 градус солтүстікке қарай” фильм-катастрофасын түсірген германиялық кинорежиссер
  • Брайан Мэй, астрофизик және аңызға айналған Queen тобының гитаристі (70 – жылдары топтың танымалдылығына байланысты ғылыми мансабын тоқтатып; кейіннен қызығушылығын қайта қолға алып, 2007 жылы диссертация қорғады)
  • Рассел Швайкарт, Аполлон-9 миссиясының құрамына кірген  НАСА астронавты
  • Даника Реми, Жерді астероидтардан қорғау бойынша B612 қордың атқарушы директоры

2015 жылдан бастап бүкіл әлем бойынша Астероид күні 30 маусымда аталып өте бастады, дәл осы күні 1908 жылы заманауи тарихтағы ең ауқымды астреоид апатына алып келген Тунгус метеориті Жермен соқтығысты.

Әлем бойынша 72 елде жүргізілетін жаһандық іс-шаралар ынтагерлерінің, ұйымдастырушыларының және қатысушыларының көпшілігінің қызметтері арқасына  Астероид күні бүгінгі таңда соншалықты танымал болды. Бүгінде ұйымның 120 елде 190 аймақтық үйлестірушілері бар.  Астероид күні қатысушылары арасында астероидтарға қызығушылықтары бар және қауіпті соқтығысулардан біздің планетамызды қорғауға көмектесетін әртүрлі жастағы ғалымдар, технологтар, студенттер, қоғамдастық көшбасшылары бар.

 

Астероидатар туралы кейбір фактілер:

- Астероидтар - біздің күн жүйесіндегі планеталардың құрылуынан қалған тасты объектілер. Планеталар сияқты астероидтар Күн маңында айналады, алайда олардың көпшілігі Марс пен Юритер аралығында Астероидттық белдікте орналасқан.

- Астероидтар Жер үшін өте қауіпті, бірақ қауіп-қатер төмен болғанымен олардың зардаптары өте қауіпті болуы мүмкін.

- Жер күніне жүз тонна  метеориттерді жояды, бірақ олар өте кішкентай және олардың көп бөлігі атмосферада жанып кетеді. Сол мезетте, біз әлі сәйкестендірмеген және Жердің ірі қалаларына үлкен қауіп-қатер тудыруы мүмкін миллиондаған немесе сол шамада астероидтар бар.

-  Адамзатта Жер үшін өте қауіпті объектілерді табуға, қадағалауға және қабылдамауға технологиялық қабілеттілік бар.

 

 

                                                                                                                                 Акниязов Чингиз,

В.Г Фесенков атындағы Астрофизикалық институт инженері

 

Толығырақ: https://aphi.kz/ru/asteroidday