Жаңалықтар

16 шілде 2018

Журналистер астрофизиктерде қонақта

 

Астана күні қарсаңында алматылық бір топ журналистер, 20-дан астам адам,  Тянь-Шань биіктаулы астрофизикалық обсерваториясы мен «Орбита» радиополигонында қонақта болды. Баспасөз-турды «ҰҒЗТО» АҚ және В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институты ұйымдастырды.

Қонақтар, қазақстандық астрофизиктер жақын және алыс ғарыштарды зерттейтін қолданыстағы аспаптармен, түрлі ғылыми жобалармен және Қазақстанда астрофизика ғылымын дамыту болашағымен танысты. Журналистерге негізгі мықты «астрономиялық соққы» астрофизиктер тарапынан берілді.

В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институтында (ФАФИ) үш бақылау базасы жұмыс істейді: Тянь-Шань биіктаулы астрофизикалық обсерваториясы, Ассы-Түрген обсерваториясы және Каменское үстіртіндегі астрофизикалық зерттеулер обсерваториясы. Соңғысы, аса қатты қала жарығының кедергі болуы және қала үстіндегі атмосфераның газдануы себепті ғылыми мақсаттар үшін іс жүзінде пайдаланылмайды. Бірақ, Қазақстанның көне обсерваториясындағы телескоптар нағыз жұмыс қалпында, олардың көмегімен оқушылар, студенттер, басқа да тілек білдірушілер  ФАФИ жүргізген саяхаттар кезінде көптеген ғарыштық нысандарды бақылай алады.

Қазіргі уақытта, ғылыми астрофизикалық зерттеулер мен бақылау жүргізу бойынша негізгі салмақ Тянь-Шань мен Ассы-Түрген обсерваторияларына түскен, оған айнасы диаметрі 1 және 1,5 метрлік (Ассы-Түрген)  апертуралы жетілдірілген телескоптары бар заманауи цифрлы жабдықтар мүмкіндік ашып отыр. Тянь-Шань обсерваториясында «Карл Цейс» фирмасының 1-метрлік екі телескопы орнатылған.           Халықаралық зерттеулер кооперациясының қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келу мақсатында 2013-2014 жылдары екі телескоптағы оптикалық сызбалар жаңартылды. Сондай-ақ, жаңа электронды басқару жүйесі орнатылды, оның көмегі арқылы әлемнің кез келген нүктесінен телескоппен жұмыс істеуге болады.

ФАФИ өзінің бақылау базалары телескоптарына арналған, халықаралық талаптарға толық жауап беретін жаңа жамылғы жабдықтар әзірлеу және орнату бойынша үнемі жұмыс жүргізіп отыратынын атап өтуіміз қажет.

Жуырда, ТШАО 1-метрлік «батыс»  телескопына автоматтандырылған аспапты кешен орнатылды, ол зерттеу нысанын бақылау барысын кеңауқымды фотометрия жасаудан  жоғары (жарық нысандар үшін) спектроскопия және төмен (жарықтығы төмен нысандар үшін) дисперсиялы  етіп ауысуына мүмкіндік береді.

Осы ақпараттар, сондай-ақ шетелдік әріптестермен тығыз байланыста Қазақстанда жүргізіліп жатқан  зерттеулердің бағыттары мәліметтері масс-медиа өкілдеріне ұсынылды.

Ал қазақстандың астрофизиктердің халықаралық ынтымақтастығы таң қаларлық. Міне, соның кейбір мысалдары: Астрофизикалық институт пен Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы 2012 жылдан бері қарай Халықаралық астрономиялық одақ құрамына кіреді және Оңтүстік-Батыс Азиядағы Халықаралық астрономиялық одағы аумақтық орталығының жұмысына белсенді қатысады. Біздің әріптестеріміздің қатарына Гейдельберг университетінің астрономиялық есептеу институты жатады (Германия). Жұлдызды кластерлер мен галактикалардан бүкіл Ғаламға дейінгі түрлі масштабтағы гравитациялық жүйелердің эволюциясын сандық әдістермен зерттеу саласындағы, профессор Райнер Шпурцемнің жетекшілігіндегі бір топ ғалымдармен ынтымақтастық  алғашқы кезде «СТАРДИСК» бірлескен жобасы аясында, одан кейін «Silk Road Project» жобасы шеңберінде жүргізілді. Үстіміздегі жылдан бастап аталған зерттеулер Кытай академиясы тарапынан қолдау тапты және  «China-Kazakhstan collaboration project» шеңберінде Қытай Ұлттық астрономиялық обсерваториясымен бірге жүзеге асырылады.

2015 жылы Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы, ФАФИ және Жапония Ұлттық астрономиялық обсерваториясы арасында меморандумға қол қойылды, оның аясында іргелі ғылыми астрономиялық зерттеулер, ғылыми тәжірибе алмасулар, бақылау-өлшеу аспаптарын әзірлеу салаларында  қазақстандық және жапондық ғалымдар арасында тығыз байланыс орнатылған. Қазақстандық Тянь-Шань мен Ассы-Түрген обсерваторияларының оптикалық телескоптарынан алынған деректерге Жапония астрофизиктері асқан қызығушылық танытып отыр, себебі бірегей географиялық жайлы жерге орналасқан, әлемнің шығыс және батыс обсерваториялары арасындағы үлкен бойлық қашықтықты жабады, сол себепті де, халықаралық астрономиялық мониторинг зерттеулерін жүргізу кезінде оның мәліметтеріне баға жетпейді.

Біздің қазақстандық астрофизиктер Гавай аралдарына орналасқан («Мауна-Кеа» обсерваториясы) жер шарындағы ірі телескоптардың бірі – «Субару» жапон телескопынан деректер алып отыруға, сондай-ақ бақылау-өлшеу аспаптарын бірлесіп әзірлеуге мүдделі. Қазіргі кезде ФАФИ және Жапония Ұлттық астрономиялық обсерваториясы мамандары табиғи өзгерісті ауыспалы жұлдыздар мен астероидтарды бірге зерттеумен шұғылданады. Болашақта Қазақстанның ең үлкен (1,5 метрлік) телескопына арналған мамандандырылған спектрограф (көрінетін, сондай-ақ толқын ұзындықтарының ИҚ диапазондарында жұмыс істеу үшін) әзірлеу және бірлесіп пайдалануды жоспарлап отыр. Бұл жұмысқа Киото университетінің ғалымдары да тартылған.

Қазақстан астрофизиктері Солтүстік Каролина университетінің Гринсбородағы Физика және астрономия департаментімен (АҚШ) тығыз ынтымақтастықта. Жұлдыздар арасындағы заттардың тасымалдануы нәтижесінде  жұлдыздар маңындағы материяның эволюциясы ерекшеліктерін анықтау мақсатында 1-10 күн массасы диапазонындағы өзара әрекеттесуші қосарлы жұлдыздар жүйесіне бірлескен зерттеулер жүргізілуде.

Қытай Ұлттық астрономиялық обсерваториясымен ынтымақтастық шеңберінде параллель технологиялар көмегімен топтасқан жұлдыздар жүйесін сандық модельдеу саласында зерттеулер жүргізілуде. Соңғы жылдары блазарларды, Хербиг жұлдыздарын (Ае/Ве) және ыстық жұлдыздарды зерттеу саласында Шыңжаң  астрономиялық обсерваториясымен ынтымақтастық жоғары деңгейде дамып келеді.

Ресей ғалымдарымен ФАФИ ынтымақтастығы дәстүрге айналған – олар: ММУ П.К. Штернберг атындағы Мемлекеттік астрономиялық институты, Ресей ғылым академиясының Астрономия институты, РҒА Ғарыштық зерттеулер институты, РҒА М.В. Кельдыш атындағы Қолданбалы математика институты. Соңғы институтпен ынтымақтастықта геостационар жер серіктері мен ғарыштық қоқыстардың өзекті мониторингі мен зерттеулер жүргізіледі. Осы жуық арада, В.Н. Каразин атындағы Харьков ұлттық университеті мамандарымен ғылыми байланыстар орнатылды. Қазіргі кезде, украиналық әріптестермен бірлесіп, астероидтар мен метеориттерге, сондай-ақ микролинзалау эффектіне мониторинг пен зерттеу жүргізіледі.

2018 жылғы 25 мамырда ФАФИ-ге Иордания делегациясы сапармен келді. Корольдік география институты (RJGC) және ФАФИ ғылыми-техникалық ынтымақтастығы мәселелері талқыланды, атап айтқанда, ғылыми мақсаттарда бірлесіп пайдалану үшін Иордания аумағында 80-см қазақстандық телескоп орнату мүмкіншілігі қаралды. Қазір бұл жоба соңғы бағытында жұмыс істеуде. ФАФИ қызметкерлері Иордания аумағына қойылатын «Карл Цейс» фирмасының 800 мм (айнасының диаметрі – 0,8 м)  орнатуға дайындық жүргізуде. Алайда, қазақстандық астрофизиктердің үлесі мұнымен шектеліп қалмайды. Біздің көмегімізбен жобалар орындау бойынша бірлескен жұмыстар атқаратын ғылыми кадрлар дайындау көзделген.

Қазақстандың астрофизикалық зерттеулерді жоғары деңгейі MNRAS,  Astrophysical Journal, «Nature» сияқты өте беделді ғылыми журналдарда көптеген рет жариялануымен дәлелденген. Атап айтсақ, осындай жарияланымдар әлемдік ғылыми қауымдастық үшін критерий болып табылады.

2017 жылы В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институты орасан зор жаңалық ашуға тікелей қатысты – екі нейтронды жұлдыздардың қосылуынан алынған гравитациялық және оптикалық дабылдар тіркелді.  Институт мамандары, әлемнің басқа да обсерваторияларымен қатар, нейтронды жұлдыздардың қосылуынан алынған гравитациялық дабылдардан кейінгі оптикалық жарқылға бақылау жүргізді, ол ашылған ғаламдық жаңалықтың бір бөлшегі болып саналады.  

«Web of Science» (Thomson Reuters) ақпараттық ресурстар деректері бойынша, белсенді халықаралық ынтымақтастықтың арқасында, 2016 жылы ФАФИ  «2011-2015 жж. Қазақстанның ең дәйексөзді ғылыми ұйымы» номинациясының жеңімпазы деп танылды және «Ғылым көшбасшысы» марапатына ие болды, ал институт қызметкері «Жоғары импакт-факторлы журналдардағы Қазақстан мақалалары» номинациясы бойынша жеңіп шықты, ол 38,14 импакт-факторлы «Nature» журналындағы 2016 жылғы мақала авторларының бірі.

Іргелі зерттеулердегі салмақты нәтижелерден басқа, ФАФИ ғалымдары бүгінгі таңда қазақстандық жер серігі топтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қолданбалы зерттеулер мен және әзірлемелермен айналысады.

Жердің ең тұңғыш жасанды серігін ұшыру кезінде-ақ ФАФИ жер серіктерін бақылау және аспан механикасының, астрофизиканың, атмосфералық оптиканың және ғарыштық геодезияның тиісті ғылыми міндеттерін шешуге байланысты белсенді зерттеулерге кіріскен болатын. Қазіргі кезде институтта 100 - 1400 шығыс бойлығы аймағындағы белсенді және енжар геостационар жер серіктерінің оптикалық мониторингінің біртұтас жүйесі құрылған, геостационар нысандарды табу және қадағалау әдістері әзірленген, белсенді және енжар геостационар нысандырды бақылауға, олардың орбитасы параметрлерін алу мен талдауды бағдарламалы қамтамасыз ету дайындалған.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің қолданбалы бағдарламалары бірінің шеңберінде ТШАО «шығыс» 1-метрлік телескопында KazSat-2 және KazSat-3 екі қазақстандық байланыс жер серіктеріне, сондай-ақ олар үшін қауіпті ГСС мен ғарыштық қоқыстар бөлшектеріне бақылау жүргізіледі. Алынған деректер бойынша ФАФИ мамандары осы барлық нысандардың дәл орбиталарын, сонымен қатар олардың қазақстандық жер серіктеріне мейлінше қауіпті жақындауы ықтималдығын есептеп шығарады. Басқа да ГСС мен ғарыштық қоқыстар бөлшектерінің KazSat-2 және KazSat-3 қауіпті қашықтыққа жақындауы жағдайында, ФАФИ мамандары ол туралы Республикалық ғарыштық байланыс орталығына хабарлайды, олар өз кезегінде қазақстандық байланыс серіктерінің орбитасын өзгерту үшін түзету енгізеді.

Ғылым мен ғылыми орталықтардың дамуының басты мәселері – кадрлар. Біліктілігі жоғары қызметкерлер – ғалымдар, инженерлер болмасы барлық жабдықтар өлі металл болып қала береді. Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығында және В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институтта мұны өте жақсы түсінеді.

ФАФИ қазақстандық университеттердің ғылыми-техникалық базасы болып табылады, жыл сайын иниститутта және оның обсерваторияларында әл-Фараби атынғаны ҚазақҰУ, Алматы энергетика және байланыс институтының, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазақҒТУ ондаған студенттері тәжірибеден өтеді. Соңғы жылдары ФАФИ шетелдің жетекші университеттері - Гейдельберг университеті, Париж обсерваториясы, «Сапиенца» университеті (Италия) PhD докторантурасында білім алған немесе оқып жатқан жастармен толығуда.

ФАФИ ілімнің түрлі салаларындағы кең кәсіби мамандық иелерінің  өсуі үшін база болған және солай қала береді де. ФАФИ мектебінен өткендер университеттерде, ҒЗИ, бизнесте еңбек етіп жүр. Астрономиялық ғылымның ерекшелігі инновациялық аспаптық базаны, ең заманауи мамандандырылған бағдарламалы қамтамасыз етуді пайдалану, әлемнің  жетекші ғылыми орталықтарымен тығыз байланыс орнату болып табылады. Мұның бәрі ФАФИ болашақта халықаралық дейгейдегі мамандар ұстаханасы, еліміздегі ғылыми-техникалық прогрестің көшбасшысы, қазақстандық ғарыштық ғылымның орталығы болып қалуының алғышарттары.

 

 

«ҰҒЗТО» АҚ Баспасөз-қызметі

 

Фото – Александр Губерт