Жаңалықтар

18 шілде 2018

ЕРЕКШЕ ЖӘНЕ ТАҢҒАЖАЙЫП АСҚЫНЖАҢА AT2018COW

 

В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институтының астрономдары таңғажайып және жұмбақ объект - Геркулес шоқжұлдызының асқынжаңа жұлдызын бақылады.

Бақылауды Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясында Ресей ғылым Академиясының Ғарыштық зерттеулер институтымен бірлескен бағдарлама бойынша ресейлік әріптестері Алексей Позаненкомен бірге Анатолий Кусакин және Инна Рева жүргізді. Украиндық әзірлеушілер Вадим Саваневич (Харьков) және Александр Брюховецкий (Мукачево) құрметпен ұсынған «CoLiTecVS» арнайы компьютерлік бағдарлама көмегімен А. Кусакин суреттердің өңдеулерін жүргізді.

Бүкіл әлемнің астрономдары бірнеше апта бойы бақылаған бұл объектіні бейресми «Сиыр» деп атап кетті (AT2018COW, «cow»- «сиыр» ағылшынша). Көрініс «асқынжаңа» таңғаларлық оқиға болып табылмаса да, оқиға астрономиялық қоғамда айтарлықтай үлкен шу тудырды.

Бәр мәселе, бір қарағанда көпшілік қабылдаған физикалық заңдарға келмейтін объектінің өзінде және онда өтетін процесстердің жылдамдығында.

Ағылшын тіліндегі AT2018COW сайтта былай деп жазады:

«16 маусымда біздің Галактика үшін ақынзаман басталды. Жерге мүмкін емес күштің гамма-толқындары жылжып келеді»

«2018 жылдың 16 маусымында Гавайдағы Кека Обсерваториясының ATLAS телескоптарымен Геркулес шоқжұлдызында жұмбақ объект табылды, 2018 жылы  ATLAS телескоптарымен табылған жаңа туып келе жатқан асқынжаңа сияқты тіркелген және 1 AT2018cow күлкілі атауға яғни тікелей аудармасы «Сиыр» («TheCow») деп аталған. Объектіге атауды компьютер берген, және Кека Обсерваториясының астрономдары алғашқы күндері жаңадан ашылған объектілерге ат ойлап табатын бағдарламаның атауларына қатты күлді. Алайда. Астрономдардың күлкісі көп кешікпей тез арада құмарлыққа, құмарлық өз кезегінде үдейге жақын алаңдаушылыққа ауысқан бүкпесіз қызығушылықа ауысты…

Асқынжаңалар Галактикада айтарлықтай жиі пайда болады, сондықтан олардың кезеңі жақсы зерттелген. Сонымен қатар,  егер асқынжаңа біршама жақын болса, асқынжаңа пайда болғанға дейін күңгірт жұлдызда болған оның уақыты мен пайда болған орнын бақылайды. Жұлдыз өзінің эволюциясы бір сәтінде асқынжаңаға айналып, бірнеше апта аралығында жарықтылығының шегіне жете кеңейе бастайды. Алайда асқынжаңа AT2018cow өзін әдеттегіден басқаша ұстады. 

Біріншіден, көпшілік қабылдаған физикалық заңдар бойынша мүмкін емес өте үлкен жарықтылыққа, ауқымды асқынжаңаға ол небәрі екі күн ішінде жетті. Екіншіден, жарылыс орнында ешқандай тіпті кішкентай да жұлдыз болмады, ол еш жақтан болмағандай пайда болды. Үшіншіден, объектінің жарықтылығы басқа асқынжаңаларға қарағанда 100 есе үлкен. Объектінің астрономиялық қасиеті ғалымдарды тығырыққа тіреді. «Біз әлі мұның не екендігіне сенімсізбіз, дегенмен асқынжаңа қалыпты қуат көзі механизмі - никельдің радиоактивті ыдырауы. Алайда бұл оқиға үшін бұл өте жарық және өте тез», – дейді ATLAS тобынан доктор Кейт Мак Гуир.

Алайда, бұл болмас үшін жарылыстың ұқсас күші жылдамдығы белгілі және жарық жылдамдығымен таралуы мүмкін, лезде болуы да мүмкін гравитациялық толқынның түсініксіз күшімен гамма-жарқылдың аса ірі күшін тудыруы қажет. Бұл жағдайда объектіге дейінгі қашықтықты білу өте маңызды, алайда бұл қашықтықты ешкім білмейді! 

Жер мен AT2018cow арасындағы сызықта ешқандай галактика жоқ, сондықтан біздің Галактикада болуы керек. Алайда, оған дейінгі қашықтық классикалық әдістермен анықталмайды, яғни ол кез келген жерде болуы мүмкін. Мүмкін, ол ондаған жарық жылы немесе одан аз қашықтықта.  Соңғы жорамалдар объектінің жарықтығы мен жылдамдығын жақсы түсіндіреді. Біріктірілген спектрлік мәлімметтері бойынша, AT2018cow – ерекше, таңғажайып асқынжаңа.

Егер Жерді гравитациялық толқын бұзбаған болса, кезекті кезекте аса ірі гамма-жарқыл болады. Әдетте орташа асқынжаңа 1/10 секундта Күн 100 000 жыл ішінде  шығаратын гамма-сәулелерін шығарады. Егер асқынжаңа AT2018cow дейін өте үлкен емес қашықтық болса, онда Жерге дейін жеткен энергия мантияны қайнатуға және литосферады жайдан-жай буға айналып кететін  өсетін және жүгіретін литосферада әрбір атомды иондауға мәжбүр етуге жетеді.

Бүгін AT2018cow жаққа әлемнің ондаған ең үлкен, ең үздік телескоптары қарайды.

дереккөз:https://mysteriousuniverse.org/2018/06/massive-explosion-of-unknown-origin-rips-through-neighboring-galaxy-at-incredible-speed/

Posted by BIGONE on 24.06.2018

 Post Views: 45,698» (конеццитаттар)

Анатолий Кусакин ау-райы қолайлы болып тұрғанда бірнеше түн аралығында бақылаулар және объектінің түсірілімдерін жүргізді. Кадрдың жарық түсірілуі 120 секунд, сүзгі қызыл, қызыл сүзгіде объектінің жұлдыздық шамасы 16.5 жуық.

Бүгілген жарқыл AT2018cow

Анатолий Васильевич бұндай түйінді шешімдер үшін әзірге ақпараттар аз деп есептейді. Бақылауларды жалғастырып және мәліметтерді жинақтау қажет. Дегенмен, қазірдің өзінде объект өте алыс мүмкін бірнеше ондаған мың жарық жылы қашықтықта орналасанын айтуға болады, және дәл осы себепті ертеректе сол юерде болған басқа жұлдызбен оны теңдестіру мүмкін болмады. Жердегі телескоптар біздің Галактиканың екіжүз  миллиард жұлдыздары арасынан оны көре алмады. Сондықтан бұл асқынжаңа Жердегі өмір үшін ешқандай қауіп төндірмейді деп есептейді А. Кусакин. Дегенмен, объект, шындығында, төтенше қызықты және біздің астрономдар бұл ерекше ғарыш «сиырын» ары қарай бақылайды!