Жаңалықтар

10 қыркүйек 2018

Қазахстандық астрофизиктер халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

 

Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» (ҚР ҚАӨМ-не кіреді) және Халықаралық реалитивті астрофизика орталығы (“ICRANet”, штаб-пәтері Pescara, Италияда) астрофизикалық зерттеулер саласында ынтымақтастық, ғылыми ақпараттармен алмасу, ғылыми кадрларды дайындау, ғылыми конференциялар, өзекті астрофизикалық зерттеулер бойынша орталықтар, зертханалар ұйымдастыру, мақалалар мен материалдар жариялау туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою ICRANet” директоры, профессор Ремо Руффинидің осы жуық арадағы сапары кезінде іске асырылды.

Релятивтік астрофизика – астрофизиканың бөлімі, ол классикалық аспан механикасы мен Ньютонның тартылыс заңдары колдануға келмейтін астрономиялық құбылыстар мен ғарыштық нысандарды зерттейді. Мұндай құбылыстарға бөлшектердің жарық жылдамдығына жақын қозғалысы, материяның аса жоғары қысымы мен тығыздығы жатады. Мұндай құбылыстарға галактиканың белсенді ядролары, нейтронды жұлдыздар және «қара құрдымдар» деп аталатын нысандар кіреді. Сондай-ақ ғарыштық сәулелену мен гамма-жарқылдарды зерттеуге де аса маңызды орын берілген.

Аталған барлық ғылыми бағыттарды В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт («ҰҒЗТО» АҚ құрамына кіреді) көп жылдардан бері зерттеп келеді. Көрсетілген тақырыптар бойынша қазақстандық ғалымдардың еңбектері халықаралық деңгейде танымал және әлемнің жетекші ғылыми баспаларында жарияланған. 

Релятивтік астрофизиканың халықаралық орталықтары торабының (ICRANet) негізі 2003 жылы құрылған. Оның негізгі міндеті релятивті физика саласында ғылыми кадрлар дайындау және зерттеулер өткізу, сондай-ақ аталған салада халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру.

Профессор Ремо Руффени – ірі ғалым, көптеген ғылыми еңбектердің, оның ішінде, «Introducing the Black Hole» классикалық мақаланың авторы (Дж. Уилермен бірлесіп), мұнда астрофизикалық «қара құрдым» туралы алғаш рет түсініктеме берілген. Оның теориялық жұмыстары Галақтикадағы алғашқы қара құрдымдарды теңдестіруге, жіктеуге алып келді.

 

Александр Губерт