Жаңалықтар

25 қыркүйек 2018

Қазақстандық ғалым

«Лидер науки - Web of Science Awards»

тәуелсіз халықаралық марапат иегері атанды

 

В. Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институттың ғалымы   Анатолий Васильевич Кусакин  «Лидер науки - Web of Science Awards» тәуелсіз халықаралық марапат иегері атанды.

Бұл марапат жоғары индексті дәйексөзді жетекші ғылыми баспаларда ғылыми жұмыстары жарияланған  ғалым-авторларға беріледі.

Анатолий Васильевич Кусакин бұл марапатты Web of Science халықаралық ақпараттық-талдау тұғырнамасы деректері бойынша ең жоғары дәйексөзді ғалым ретінде алып отыр.

Салтанатты марапаттау рәсімі 2018 жылғы 20 қыркүйекте, Астана қаласында, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің үлкен конференц-залында өтті. Оған ғылым алдындағы беделінің куәсі ретінде сертификат қоса тапсырылды.

Аталған шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігі Ғылым комитетінің басшылары, дамушы нарықтар бойынша Clarivate Analytics халықаралық компаниясының басқарушы директоры, доктор Виджи Кришнан, сондай-ақ беделді шетелдік сарапшылар мен Қазақстанның ғылыми, білім беру, саяси және экономика салаларының өкілдері  қатысты.

Анатолий Васильевич Кусакин – белгілі қазақстандық астрофизик-ғалым, өмірінің 50 жылдан астамын бақылау астрономиясына арнап келеді. Мәскеу мемлекеттік университетінің П.К. Штернберг атындағы мемлекеттік астрономиялық институтында (ШМАИ) жұмыс істеді, одан соң - В. Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт қызметкері атанды. Физика-математика ғылымдарының кандидаты. Диссертация тақырыбы «А» спектрлі кластағы жұлдыздардың кезеңді тербелістерін фотометриялық зерттеу», («Астросейсмология» бөлімі), 1998 ж., Мәскеу мемлекеттік университетінде қорғаған.

В. Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» құрамына кіреді. Институт ғалымдары ғылыми ұйымдар өкілдері арасында Қазақстандағы ең көп дәйексөзді авторлар болып табылады.

 

Александр Губерт