Жаңалықтар

29 қараша 2018

Ассы-Түрген обсерваториясында жаңа заманауи жоғары

жылдамдықты телескоп орнатылды

 

Қазақстандық В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт «Назарбаев Университет және Калифорния университетімін (АҚШ) бірлесіп халықаралық бірлескен ғылыми жоба бойынша жұмыстарды бастады

 

Қазақстан Республикасында астрофизикалық зерттеулердің ғылыми және эксперименттік базасын дамыту стратегиясына сәйкес «ҰҒЗТО» АҚ және В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институты, Институт обсерваториясының бақылау жабдықтарын жетілдіру және цифрлаумен айналысуда. Атап айтқанда,  ашық халықаралық ғылыми хаб ретінде пайдаланылып отырған биіктаулы астрономиялық «Ассы-Түрген» обсерваториясының (т. д. шамамен 3000 м биіктікте) болашағы үлкен. Өзінің орналасу жағдайына, астрономиялық климатына қарай және жарықтық ластанудың жоқ болуының арқасында, аталған обсерваториядан алынған деректер бүкіл әлемдік астрономиялық ғылымда сұранысқа ие болып отыр.

2018 жылы бірлескен халықаралық жобаны іске асыру басталды, ол Nazarbayev University Energetic Cosmos Laboratory (Астана, Қазақстан),  Space Sciences Laboratory University of California (Berkeley, АҚШ, Нобель сыйлығының лауреаты, профессор Д.Смуттың тобы) және В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институтын (Алматы, Қазақстан) біріктіреді. Аталған жоба шеңберінде «Ассы-Түрген» обсерваториясында  Plane Wave Instruments американдық компаниясы жасап шығарған жоғарыжылдамдықты заманауи телескоп орнатылған. Телескопты  Nazarbayev University сатып алған және ғарыштағы жылдам өтетін, ғылым үшін өте өзекті міндет болып отырған құбылыстарды бақылауға арналған.

Телескоп айнасының диаметрі – 700 мм., фокус – 4,5 м. (көз жетер жері 30´х30´). Телескоп аудармалы басқарылатын М3 айнасымен жабдықталған, ол 2 портта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Телескоптың жұмыс істеу уақыты, жасалған шартқа сәйкес,  Nazarbayev University және В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институты арасында теңдей, 50/50 бөлінеді.

Қазақстандық тараптан, аталған жоба шеңберінде, Астрофизикалық институттың инженерлік тобы төмендегі жабдықтарды әзірледі, дайындады және орнатты:

  1. арнайы бірегей конструкциялы аудармалы автоматтандырылған шатыры бар павильон;
  2. толық зарядталған кезде телескоптың 6-8 сағаттық жұмысын қамтамасыз ететін, қуаты 6 киловаттық күн энергожүйесі;
  3. қуаты 50 киловатт турбо-дизельді генератор (және де ол ФАФИ 1.5метрлік телескопы үшін электр қуатын береді).

Астрофизикалық институт және Назарбаев Университет  ғалымдарының жуық арада іске асыратын  негізгі міндеті – GRB оптикалық транзиттерін бақылау, LIRO-VIRGO гравитациялық-толқынды телескоптар жобалары бойынша бақылауларды сүйемелдеу, сондай-ақ жұлтықдар мен галактикалардағы құбылыстарды, оның ішінде гамма-жарқылдарды бақылау.

Күмбездің бірігей құрылымы, жедел, жер серігінің дабылы бойынша, автоматты режімде нысандарды бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай жоба алыс ғарыш нысандарын жоғарыжылдамдықты бақылау қатарындағы алғашқысы болып табылады.  Аталған жобада әзірленген, телескоптарды алыстан басқару және оларға қол жеткізу бойынша технологиялар әлемнің басқа да обсерваторияларында пайдаланылуы мүмкін.

Осындай типтегі  жобалар Қазақстанның ғарыштық ғылымын ең жоғары халықаралық дейгейлерге көтереді.

 

Александр Губерт

«ҰҒЗТО» АҚ баспасөз қызметі