Жаңалықтар

18 маусым 2019

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ҚР Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы №24 Жарлығымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің геодезия және картография саласындағы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің елдің инновациялық саясаты, ғылыми-техникалық дамуы саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып қайта құрылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 маусымдағы №25 Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.