Жаңалықтар

16 қараша 2011
Қарашаның 14-де Байқоңырдан ұшырылған «Союз» кемесі бүгін Астана уақытымен таңертең 11-ден 24 минут кеткенде Халықаралық ғарыш станциясымен түйісті. Содан кейін Ресей-Америка экипажы бұрынғы экспедиция мүшелерімен қуана қауышты. Осылайша, орбиталық бекеттегі адамдардың саны 6-ға жетіп отыр.
 
Станцияда маусымнан бері жұмыс істеген үштікке келсек, олар – ресейлік космоноавт Сергей Волков, америкалық астронавт Майкл Фоссум және жапондық ғарышкер Сатоси Фурукава. Жоспар бойынша бұл экипаж Жерге қарашаның 22-де оралады.
 
Ал жаңа құрамға жүктелген негізгі міндеттер – алдағы уақытта «Прогресс» кемесі мен оның жүгін екі рет қабылдау. Сонымен қатар, олар найзағайдың Жер атмосферасына әсерін зерттейтін «Чибис» ғылыми микроспутнигін іске қосады.
 
"Қазақстан" телеарнасы. 16.11.11