Жаңалықтар

16 қараша 2011

Роскосмос басшысы Владимир Поповкин «Фобос-Грунт» жерге 2012 жы­лы қаңтардың басында құлайды деген жорамал жасады. Ғарыш стансасы Марс бағытына жол тартуы тиіс еді. Егер инженерлер аппараттың бағдар­ламасын өзгерте алса, станса Қызыл планетаға бет алатын болады.

Аталған «Фобос-Грунт» стансасы «Зенит» зымыран ұшырғышымен ғарыш кеңістігіне шығарылғанымен, оның қозғалтқыштары іске қосылмай қалған-ды. «Фобос-Грунт» Марс планетасынан топырақ алып, жерге жеткізуі тиіс болатын. Алайда стансаның не себепті істен шыққаны әзірге белгісіз күйінде қалып отыр. Белгілісі – «Фобос-Грунтты» құтқарудың енді мүмкін еместігі.

"Егемен Қазақстан" 16.11.11