Жаңалықтар

08 ақпан 2016

Алматы

08.02.2016 ж.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Қазғарыш)

«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ
Қазақстандық астрофизиканың жаңалықтары  

Астрономия, басқа ғылымдарман салыстырғанда – бақылау жүргізу ғылыми. Бұл ғылымда эксперименттер жүргізу мүмкін емес, себебі, сынақ жүргізуші –  Ғаламның өзі. Қандай да бір нәтиже алу үшін ғалымдар нысандарды ондаған жылдар бойы бақылайды, сол себепті де астрономияда ғылыми жаңалықтар ашу өте сирек кездеседі.

Ғалымдар өз бақылаулары нәтижелерін түрлі халықаралық ғылыми журналдарда жариялайды, және мұндай жарияланымдаодың деңгейі басылымның беделімен, оның импакт-фактор деп аталатын дәйексөз индексімен бағаланады.

"Nature" журналының қаңтар айындағы нөмірінде (ғылымның барлық саласындағы озат зерттеулер мен ғылыми-көпшілік мақалаларды жариялайтын әлемдік жетекші журналдардың бірі - http://www.nature.com) түрлі елдердің астрономдарының үлкен тобының «V404 Аққудағы қара құрдымды қосарланған жұлдыздар жүйесіндегі жылдам оптикалық тербелістердің қайталау заңдылықтары» ("Repetitive patterns in rapid optical variations in the nearby black-hole binary V404 Cygni" - "Nature", 06, January 2016, 54–58) деп аталатын мақаласы жарияланды.

Мақала авторларының ішінде Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институтының ғылым қызметкері Инна Рева бар. (www.nature.com/nature/journal/v529/n7584/full/nature16452.html ).

2016 жылы "The Astrophysical Journal" жариялауға төмендегі мақала қабылданды - Дубовиченко С.Б., Джазаирова-Кахраманова А.В. – «Астрофизикалық энергиялар кезіндегі 8Li(n,g)9Li реакция және Бастапқы нуклоесинтездегі оның рөлі» (S.B.Dubovichenko, A.V.Dzhazairov-Kakhramanov  - "8Li(n,g)9Li Reaction at astrophysical energies and its role in primordial nucleosynthesis").

The Astrophysical Journal (қазақша. Астрофизикалық Журнал, қысқ. ApJ, Astrophys. J.) — АҚШ-та шығарылатын, астрономия бойынша жетекші әлемдік журнал. 1895 жылы астрономдар мен Джеймс Килер негізін қалаған. Журналдың импакт-факторы – 6,0-дан жоғары.

Бұл мақала батыс елдерінің серіктес авторы қосылмаған, жоғары деңгейдегі журналда жарияланып отырған Қазақстандағы алғашқы мақала.

Мақалада, Юнг сызбасы бойынша ядролық күйді жіктеудің болашақ кластерлі моделі аясында, жылулық және астрофизикалық энергиялар кезінде 8Li-дегі нейрондардың радиациялық захватының толық қиындысына арналған эксперименттік деректерді мейлінше сипаттау мүмкінідктері қаралған.

Қазақстандық ғалымдардың тәсілі 0.1-1 МэВ аумағындағы барлық деректерді таратуға және 25.3 10-9 МэВ дейінгі аса төмен энергиялалардағы толық шашыраулардың құбылысын алдын алау болжауға мүмкіндік береді.

Беделді ғылыми журналда жариялану ғалым үшін елеулі оқиға. Ал "Nature" жунаоында жарияланған бақылаулар нәтижелері, қазақстандың ғалым-астрономдар қатысып отырған тығыз халықаралық ынтымақтастық арқасында мүмкін болып отыр.

***

«V404 Аққудағы қара құрдымды қосарланған жұлдыздар жүйесіндегі жылдам оптикалық тербелістердің қайталау заңдылықтары» мақаласының қазақша қысқаша мазмұны:

***

2015 жылы маусым айында, V404 Аққуда, қара құрдымның қосарлы жүйелерінің бірінде, 26 жыл тыныштықтан кейін жарқыл пайда болды. Сағат 18.31.38-де  Swift/BAT UT телескопы ықтимал гамма-жарқыл ретінде аталған жарқылды бірінші болып тіркеді. Соңынан, жарылыс рентген және оптикалық диапазондарда табылды. Осыдан кейін бүкіл әлемде фотометриялық кампания (науқан) қолға алынды. Халықаралық жобаға Қазақстан, Ресей, Монғолия, Жапония, Тайвань, АҚШ, Испания, Германия, Ұлыбритания елдері қатысты. 85 мыңнан астам өлшеулерден тұратын түрлі диапазондардағы оптикалық фотометрия деректерінің кең ауқымды топтамалары жиналды.

Аталған жарқылда алғаш рет  оптикалық қысқамерзімді вариацияларда қайталанатын жарқылдар бақыланды. Біздің бұл оқиғадан көретініміз – қара құрдым маңайындағы аумақта, тіпті ең кіші телескоптарды пайдалану арқылы, энергия сәулелерінің тербелістерін өз көзімізбен бақылай аламыз.

Қайталанатын бұл өзгерістер аккреция* массасы өз деңгейінде болған кезде, ең аз дегенде бұрынғыдан он есе кем деңгейде болған жағдайда жүріп отырды.

http://www.kusastro.kyoto-u.ac.jp/%7Emkimura/twinkle-fig.png

Бұл суреттер V404 Аққу жүйесінің тербелістерін көрсетеді. Жоғарыдағы мәліметтер V404 Аққу айналасындағы нақты бейнелер болып табылады. Төменгілері жарқыл қисықтарын көрсетеді. Нысан 1 сағат ішінде шамамен 6 рет жарық болып көрінді.

V404 Аққудың 2015 жылғы жарқылының жалпы қисықтары. Бұл жарқылдың өзгерістері басынан соңына дейін көрінеді. Тиісінше, тік ось – нысанның магнитудасы, көлденең ось – жарқыл  пайда болғаннан бері өткен күндер саны.

V404 Аққудың 2015 жылғы жарылуының  болжалды картасы 

V404 Аққу (V404 Cygni) – қосарлы жұлдызды жүйе, Күннің 12 массасы шамасында болатын қара құрдымнан және жұлдыз-спутниктен тұрады. Бұл екі нысан бір біріне неғұрлым жақын қашықтықта айналады. Олардың жақын орналасуы себепті қара құрдымның гравитациясы әсерінен жұлдыө деформацияланады және өз массасын жоғалтады, қара құрдыммен аккрецияланады. Бұл өзгерістірдің тетіктері қазірше беймәлім.

2009 жылы рентгенді жаңа V404 Аққудағы қара құрдым біздің Күн жүйесінен қашықтықты анықтауға арналған, параллакстың дәл өлшеуі бар ең алғашқы қара құрдым болды; қашықтық 7800 жарықтық жыл.

2015 жылғы оптикалық бақылаулардан екі жаңа нәтиже алынды. Оның біреуі бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейінгі уақытша масштабтағы вариацияларда қайталанатын моделдерді табу, олар алғаш рет оптикалық диапазонда табылған болатын. Қайталанатын бұл заңдылықтар қара құрдымның қоршаған ортасынан шығатын сәулелену энергиясының тербелістерін көрсетеді, және бұрын ол тек рентген сәулелерінде ғана байқалған. Екінші нәтиже – уақытша масштабтардағы вариациялардың қайталанатын тербелістері табылды.

*Аккре́ция (лат. accrētiō «молайту, көбейту» от accrēscere «өсіру, өндіру») —  қоршаған кеңістіктен материяның гравитациялық тартылысы жолымен аспан денесінің массасын (әдетте, газ) молайту үрдісі.