Жаңалықтар

08 ақпан 2016

1986 жылы Техас университетінің (АҚШ) бастамасымен құрылған Әлемдік WET Телескопы (Whole Earth Telescope) шеңберінде ақ ергежейлілер класты жұлдыздарды зерттеу партиясының алғашқысын В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт (ФАФИ) 2016 жылғы қаңтарда жүргізді. Ақергежейлілерді зерттеуді үйлестіру жобасының Орталығы қазіргі кезде Делавэр университетінде орналасқан.

Аталған халықаралық зерттеулерге қазақстандық астрофизиктер 2013 жылы қосылды. Зерттеулер айнасының диаметрі 1 м. Цейс телескоптары көмегімен, заманауи сандық құралдармен жабдықталған Тянь-Шань биіктаулы астрофизикалық обсерваториясында (ТШАО) жүргізіледі

Әлемдік WET Телескопы жобасының маңызы төмендегідей: Жер шарының бірнеше ондаған обсерваториялары таңдалған нысандарды ұзақ мерзім фотометриялық зерттеу жасауға өзара келіседі, ол нысандар өзінің эволюциялық жолының соңғы кезеңдерінде тұрған жұлдыздар. Олардың ішінде бізді қызықтырған – жұлдыздардан құрылған, массасы біздің Күнмен бірдей келетін ақ ергежейлілер де бар

Міне сондықтан да оларды зерттеу біз үшін аса қызықты, өзіміздің Күннің табиғаты мен тағдырын терең білуге жол ашылдаы. Пульсациялық процестер біздің ғаламның барлық жұлдыздарына тән мызғымас атрибут болып табылады. Ал күннің пульсациясын гелиосейсмология зерттейді, ал ақ ергежейліліердің пульсациясын зерттеу Күн эволюциясын неғұрлым терең түсінуге мүмкіндік береді. Негізгі міндет фотометриялық өлшеулердің  «ұзын қатарларын» жинау және спектрлі уақытша талдау математикалық әдістері көмегімен белгілі бір жұлдықдың пулсациялық сипаттамасын алу болып табылады. Одан соң, оларға мүмкін болған барлық параметрлерді кіргізу арқылы зерттелетін нысанның математикалық моделін құруға болады, содан кейін модельдердің қайсысы зерттелетін нақты жұлдыз сияқты фотометриялық сипатта болатынын күтеміз.

NGC 2371-2  нысанын қаңтардағы бақылаулараталған ақ ергежейлінің күрделі пульсациялық сипаттамаларын көрсетті (Judith  Provencal  жобасының үйлестірушісі жүргізген жылдам Фурье-талдаудың алдын ала деректері бойынша). 2016 жылғы наурыз айында нысанды кооперативті бақылау жалғастырылады деп күтілуде.

"Ақ ергежейлі" класты жұлдыз