Жаңалықтар

02 ақпан 2018

Халықаралық астрофизиктер тобы, оның ішінде қазақстандық ғалымдар да бар, 2016 жылғы желтоқсанда тіркелген CTA 102 блазарының қуатты жарқылының құпиясын ашты.

Мұндай жарқылдардың тербелісі мен ұзақтығы тек сәулелену аумағының физикалық параметрлеріне ғана емес, сонымен қатар, бірінші кезекте, джеттің геометриялық сипаттамаларына да тәуелді екендігін ғалымдар анықтады. Ол сипаттамалар – аса үлкен массадағы қара құрдым орналасқан блазар ортасынан атылып шығатын плазма ағыстары

Nature журналында 2017 жылғы 4 желтоқсанда нәтижелері жарияланған зерттеулерге (doi:10.1038/nature24623) қазақстандық астрофизик, Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институтының жетекші ғылыми қызметкері, Әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ Ұлттық ашық типтегі нанотехнологиялық зертхананың жетекші ғылыми қызметкері, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты Кеңес Куратов та қатысты.

Блазарлар  — Ғаламдағы ең жоғары энергиялы нысандардың бірі, галактиканың белсенді ядролары сәулелердің кең спектрін туындатады және Жерге қарай бағытталған бөлшектердің реалитивті ағындарын сыртқа шығарады. Осы нысандарды бірнеше ондаған жылдар бойы бақылау кезінде ғалымдар блазарлар сәулеленудің үлкен өзгергіштігін көрсететінін анықтады. Электромагнитті спектрдің түрлі учаскелеріндегі өзгергіштік сипаттамаларын – қатты гамма-сәуледен радиотолқындарға дейін – зерттеу, сәуленің өзінің құрылуы механизмін, сондай-ақ қара құрдым маңында да, сонымен бірге одан жүздеген жарық жылдамдығы жылдарына тең келетін аумақтағы физикалық және кинетикалық шарттарды да кең түсінуге мүмкіндік ашады.

Ғалымдар үшін блазардың өмір сүруіндегі қысқауақытты кезеңдер ерекше қызығушылық танытады, ол кезеңдерде - бірнеше күнде - нысанның жарықтануы 6-7 жұлдыздық шамаға дейін (яғни 300-500 есе) артатын сәулелену жарқылдарын бақылауға болады.  Астрономдар мұндай кезеңдерді «үлкейткіш айна» ретінде пайдаланады, ол джеттің көз жетпейтін ішкі аумақтарын көруге мүмкіндік береді. CTA 102 тарихындағы, 2016 жылғы 28 желтоқсанда тіркелген осындай көріністердің бірі, бүгінгі күнгі белгілі мыңдаған блазарлардың ішіндегі ең жарқын көрініс болды, ол көрініс  «Blazar spectral variability as explained by a twisting inhomogeneous jet» журналында жан-жақты талданды.

Зерттеулерде 15 елдің 28 обсерваторясынан 39 телескоп арқылы орындалған бақылау нәтижелері келтірілген. Бақылаулар спектрдің радио және оптикалық диапазондарында жүргізілді. Қазақстандық ғалымдар «ҰҒЗТО» АҚ В.Г. Фесенков атындағы институттың Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясында спектрдің көрінетін диапазонында бақылау жасады.

Толқындардың түрлі ұзындықтарындағы өзгерістер синхронды (бір мезгілде және қатар) болмайтыны анықталды. Сөйтіп, 2012 жылғы СТ 102 жарқылы кезінде оптикалық сәулеленуге қарағанда радиосәулелер кешіккен, ал 2016 жылы жағдай керісінше болды – радиосәуле пайда болған соң, орасан жарқылға жалғасты.

К.Куратовтің айтуынша, бұл аталған диапазондағы сәулелер джеттің кеңістіктік бөлшектенген  телімдерінде де пайда болатынының дәлелі. Одан басқа, джеттің өзі кисайған (бірінші жақындауында ол шиыршық құрылымды) және кеңістіктегі өзінің орнын үнемі ауытырып отырады.

Сәуле тұрғысынан қарау кезінде және осы толқын ұзындығында сәулелену аумағы арасындағы бұрыш ең аз кезінде дабылдың ең жоғары көтерілуі байқалады, біз оны жарқыл ретінде көреміз. Бұл жарқылдың тербелісі мен ұзақтығын анықтайтын негізгі фактор екендігін дәлелдейді, ол аумақтың сәулеленуінің физикалық параметрлері емес джеттің геометриялық сипаттамаларының өзгерісі болып табылады.

Жерүсті, сондай-ақ ғарыштық телескоптардың мүмкін болған барлық техникасын пайдаланатын мұндай халықаралық жобалар болашақта белсенді ядролардың, оның ішінде блазарлардың құрылымы мен физикасындағы түрлі тееориялық құрылымдар арасында таңдау жасауға мүмкіндік береді,- дейді К. Куратов.

Естеріңізге салайық, 2017 жылғы қараша айында Корольдік астрономиялық қоғамда (Ұлыбритания) К.С. Куратовтың қатысуымен тағы да бір мақала жарық көрген, ол да үлкен «The eclipsing binary star RZ Cas: Accretion-driven variability of the multi-mode oscillation spectrum» халықаралық коалицияда.

Қазіргі уақытта «Astronomical Journal» баспасына көп жылдардан бері К.С. Куратов шұғылданып жүрген  мәселе бойынша екі мақала қабылданған – ол FS CMa және Ae/Be Хербиг типіндегі ыстық жұлдыздарды зерттеу.

 

Мақала мекен-жайы:  https://www.nature.com/articles/nature24623.epdf?author_access_token=zJqJuSCTBfFNXcO7KMCrkdRgN0jAjWel9jnR3ZoTv0PrYIjuNFK_xJGXUfvg4lvrXpuYpw5i5H9mb1trOiMKZa47C5uLc6klDnXlPMqnjApfvyEFtg3mR0WudNKE2tQn