«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ

«Ионосфера институты» еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«ҰҒЗТО» АҚ «Ионосфера институты» ЕЖШС  жоғары білікті ғылыми қызметкерлер мен мамандар жұмыс істейді,  олар Қазақстанның жер қыртысының, геофизикалық және жерүсті-ғарыштық геодинамикалық мониторингі бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ қазіргі заманғы ғарыш және компьютерлік технологиялар математикалық модельдеу қолдану, геосфераның (магнитосфера, ионосфера, атмосфера, литосфера) өзара іс-қимыл негізінде жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді.

Институтта  бірегей ғылыми-эксперименттік кешендер бар: «Орбита» радиополигоны және «Космостанция» базасы.  «Орбита» радиополигоны теңіз деңгейінен 2750 м жоғары биіктікте орналасқан. Радиополигонда күн белсенділігін бақылау үшін радиотелескоп орнатылған, жер шары бойынша24-тармағына есептелген, e-CALLISTO Күннің спектрографтикалық бақылаулар халықаралық желісінің құрамында жұмыс істейтін күн  спектрографы, сондай-ақ биіктіктегі мезосферадағы түнгі аспанның жарқырау қарқындылығын тіркеу үшін жабдықтармен жабдықталған.

Сондай-ақ GPS-өлшеу тармақтары және INTERMAGNET геомагнитті обсерваториясының халықаралық желіне кіретін  «Алма-Ата» геомагниттік обсерваториясы  (Орталық Азияда жалғыз)  ионосфера станциясы жұмыс істейді.  Ионосфера институтының ғылыми-эксперименттік кешенінің барлық жабдықтары мен құралдары әлемдік стандарттарға жауап беретін қазіргі заманға сай сертификатталған  және ең жоғары ғылыми-техникалық талаптарға сәйкес келеді.

Директор – Жантаев Жұмабек Шабденамұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰЖҒА академигі, Еуразия Халықаралық ғылым академиясының академигі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Халықаралық астронавтика академиясының корреспондент-мүшесі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Байланыс:

050020, Алматы қ., «Ионосфера» бағбандық серіктестігі 117 үй. Тел/факс: (727) 380-30-54, 380-30-53

e-mail: admion1@mail.ru

сайт: http://ionos.kz