Конференциялар және семинарлар
Академик Ө.М. Сұлтанғазиннің 80 жылдығына арналған «Математикалық әдістер және заманауи ғарыштық технологиялар» халықаралық ғылыми конференциясы
Алматы қаласында Қазақстандағы Ғарыштық зерттеулер институтының тұңғыш директоры (1991-2005жж.), ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті (1988-1994жж.) академик Ө.М. Сұлтанғазиннің 80 жылдығына арналған «Математикалық әдістер және заманауи ғарыштық технологиялар» халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.
Конференцияның жұмыс күндері 2016 жылғы 4-5 қазан.
Конференцияны ұйымдастырушылар Қазақстанның және Ресейдің бірқатар институттары мен ұйымдары: Математика және математикалық модельдеу институты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, С.А. Лавочкин атындағы ҒӨК, Мәскеу авиация институты, Қ.И. Сәтбаев атындағы Ұлттық зерттеу техникалық университеті, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ.
Конференцияның бағдарламалық және ұйымдастыру комитетін ҚР ҰҒА академигі Т.Ш. Қалменов басқарады
Конференция жұмысы 3 секцияда жоспарланған
- Дифференциалды теңдеулер және оны қолдану
Секция төрағалары: Жиенәлиев М.Т., Сәдібеков М.А.
Секцияның Ғалым хатшысы: Василина Г.К.
- Ақпараттық және ғарыштық технологиялар
Секция төрағалары: Закарин Э.А., Чечин Л.М.
Секцияның Ғалым хатшысы: Ақназарова Р.Б.
- Кіші ғарыштық аппараттар. Ғарыш энергетикасы
Секция төрағалары: Сысоев В.К., Сүйменбаев Б.Т.
Секцияның Ғалым хатшысы: Ермолдина Г.Т.
Конференция жұмыстары пленарлық (40 минуттық), секциялық (20 минуттық) және стендті баяндамалардан тұрады
Конференцияның алдын ала бағдарламасы қатысушыларға электронды пошта арқылы 2016 жылғы 15 қыркүйекке дейін жіберіледі. Қорытынды бағдарлама мен баяндамалар тезистері конференция қатысушыларына Конференция ашылатын күні тапсырылады.
Конференцияның ресми тілдері: қазақша, орысша және ағылшынша.