«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ

Тарихы

«ҰҒЗТО» АҚ бас офисы

«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы 16.07.2008 жылы тіркелген.

2004 жылдан 15.07.2008 жылға дейінгі кезеңде «ҰҒЗТО» АҚ заңды түрде «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) болып табылды.  «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» РМК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жыл 5 наурыздағы  № 280 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының мәселелері» каулысына сәйкес құрылды. РМК еншілес мемлекеттік кәсіпорындар заңды статусы берілген «Ғарыштық зерттеулер орталығы», «Ионосфера институты» және «В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта құру және біріктіру негізінде құрылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жыл 29 мамырдағы № 438 «Ұлттық ғарыш агенттігі мәселелері» «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» РМК (шаруашылық жүргізу құқығындағы) қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің құзырына өткізілді.

Астрофизикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта құру туралы» 2008 жыл 22 қаңтардағы № 38  қаулысына сәйкес, «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» РМК және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындары «Ионосфера институты» және «В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт», «Ғарыштық зерттеулер институты» біріктіру және қайта құру жолымен жарғылық капиталда мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

«ҰҒЗТО» АҚ мемлекеттік тіркеу куәлігі – № 93168-1910-АО, идентификациялық № 080740009161,  16.07.2008 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы қаласы Әділет департаментінде тіркелген.

 «Академик Ө.М. Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты»

Қазақ КСР Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты Қазақ КСР Министрлер кабинетінің 1991 жылғы 12 тамыздағы № 470 Қаулысына сәйкес ұйымдастырылды. Институттың негізін қалаушы және тұңғыш директоы – КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Парасат» ордендерінің иегері, ҚР ҰҒА академигі Сұлтанғазин Өмірзақ Махмұтұлы (1936 ж.-2005 ж.). 2011 жылы қаңтарда Институтқа академик Ө.М. Сұлтанғазинның аты берілді.

Институт қызметінің негізгі бағыты – мемлекеттік, салалық, халықаралық бағдарламалар мен жобалар шеңберінде іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, сондай-ақ Жерді қашықтықтан барлау (ЖҚБ), ғарыштық мониторинг, геоақпараттық модельдеу, ғарыштық материалтану салаларында отандық және шетелдік гранттар бойынша жұмыстар орындау.

Ғарыштық зерттеулер институты бас ұйым ретінде ҚР ҰҒА институттарының және басқа да ведомстволық ұйымдардың «Мир» кешені бортындағы ғарышкер Әубәкіров Т.О. (1991ж.), Мұсабаев Т.А. (1994, 1998жж.), халықаралық ғарыш станциясында ғарышкер Мұсабаев Т.А (2001ж.)  қатысқан  ғылыми зерттеулер мен эксперименттерінің барлық қазақстандық  төрт бағдарламасын әзірлеуге қатысты және іске асыру кезіндегі зерттеулерін үйлестірумен айналысты.

Академик Ө.М. Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты «ҰҒЗТО»АҚ құрамына еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестік статусымен жеке заңды тұлға болып кірген.

2014 жылдан бастап Институт пен «ҰҒЗТО» АҚ әкімшілік аппараты кадрлар құрамы мен зерттеулер бағыттарын  сақтап, біртұтас құрылымға біріктірілді.