«ҰҒЗТО» АҚ қызметі туралы 2020 жылғы 2 тоқсандағы ақпарат

1.                «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ  Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Ғарыш қызметінің ғылыми және ғылымитехнологиялық базасы» 1 секциясы Ғылыми-техникалық кеңесі құрамына кіреді (Қазғарыштың ҒТК).

 

2. «Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 290 қаулысына Қосымшаға сәйкес «Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар» басым бағаты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестін құрамына төмендегілер енгізілді:

1. Витковская Ирина Сергеевна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, «ҰҒЗТО» АҚ Жерді қашықтықтан барлау департаментінің жетекші ғылыми қызметкері;

2. Крякунова Ольга Николаевна –  физика-математика ғылымдарының кандидаты, АО «ҰҒЗТО» АҚ «Ионосфера институты» еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жетекші ғылыми қызметкері.

Орындалған жұмыстар туралы есептер мен баяндамалар

2020 ж. 12 маусымда үстіміздегі жылғы 2 тоқсанда 5 бағыт бойынша    24 іске асырылатын жобалардың орындалуы барысы туралы «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ   ғылыми-техникалық кеңесінің мәжілісі өтті.

Қатысқандар: Ғылыми-техникалық кеңес мүшелері.

Жұмыстардың орындалуы туралы ақпаратты тыңдап және талқылап, шештік:

– Есепті кезеңде ғылыми-зерттеу жұмыстары толық көлемде орындалды, күнтізбелік жоспар мен күтілетін нәтижелерге сәйкес келеді.