«Ғарыш қызметі және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» 008 республикалық бюджеттік бағдарламасын орындау шеңберіндегі 2020 жылғы 9 айдағы атқарылған жұмыстар туралы есеп

2020 ж. 16 қыркүйекте «Ғарыш қызметі және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» 008 республикалық бюджеттік бағдарламасын орындау шеңберінде іске асырылатын 5 бағыттағы 24 жобаның үстіміздегі жылдың 9 айында орындалуы барысы туралы «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ Ғылыми-техникалық кеңесінің мәжілісі өтті.

Қатысқандар: Ғылыми-техникалық кеңес мүшелері, жоба жетекшілері online режімінде.

«Ғарыш қызметі және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» 008 республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын жұмыстардың орындалуы барысы туралы тыңдап және оны талқылап шешім қабылданды:

Есепті кезеңде ғылыми-зерттеу жұмыстары толық көлемде орындалды, күнтізбелік жоспар мен күтілетін нәтижелерге сәйкес келеді. «Табиғи ресурстардың, қоршаған ортаның техногенді өзгерістерінің мониторингі және болжау ғарыштық технологияларын дамыту,ғарыштық техника және жерүсті ғарыштық инфрақұрылымдарын құру, алыс және жақын ғарыш нысандарын зерттеу» бағдарламасы шеңберінде 2020 ж. 9 айда алынған нәтижелерін көпшілікке тарату және насихаттау бойынша жұмыстар жүргізілді:

1. «Қазақстанның жер қыртысындағы қазіргі уақыттағы геодинамикалық процестерді зерттеу» жобасы бойынша:

Зертхана меңгерушісі Виляев А.В. 2020 жылғы 24 тамызда ҚР БҒМ «Сейсмология институты» ЖШС базасында «Leica Geosystems Kazakhstan» ЖШС өткізген «Деформациялық мониторинг жүйесі: жабдықтау және жобалау» ғылыми-қолданбалы семинарының пікірталасына қатысты.

2. «Дамыған аумақтардағы техногенді процестердің жерүсті-ғарыштық мониторингі және ірі техникалық нысандар күйін бағалау» жобасы бойынша:

  1. Директордың ҒЗЖ жөніндегі орынбасары Қалдыбаев А.А., 2021-2023 жылдар кезеңінде ТМД қатысушы-мемлекеттерінің халықаралық инновациялық ынтымақтастығы бағдарламасына» қатысты, Минск қ., 2020 ж. 22-23 қаңтар.
  2. Зертхана меңгерушісі  Нұрақынов С.М. «SGEM Гео & Экспо 2020» 20 халықаралық ғылыми-пәнаралық конференциясына «Monitoring of oil pollutions in the Caspian Sea Using Sentinel-1 and Sentinel-2 Images» және «The role of Web-Based GIS system in the control and prevention of natural and manmade hazards in Kazakhstan» баяндамасымен онлайн-форматында қатысты, Геоақпараттар және ЖҚБ секциясы.
  3. «Ғарыштық және геологиялық-геофизикалық деректерді кешенді талдау негізінде Оңтүстік-Торғай мұнайгазды аумақтарындағы мезозойға дейінгі кешеннің көмірсутегі кен орындарын іздеудің болжау-іздеу критерийлерін әзірлеу» жобасы бойынша.

Директор Жантаев Ж.Ш. және БҒҚ Бреусов Н.Г. бірлескен ғылыми зерттеулерді дамыту бойынша келіссөздерге қатысты (Мәскеу қ., 2020 жылғы 21 қаңтар);

  • «Ионосфера, мезосфера атмосфералық электр өрісі және жылу нейтрондары параметрлерін өлшеу негізінде геобелсенді оқиғалардың диагностикасы және болжау әдістерін әзірлеу жобасы бойынша:

Атмосфера мен ионосферадағы стационар емес процестер зертханасының меңгерушісі Антонова В.П. Еуропа Бас Ассамблеясына on-line режімінде қатысты, Вена, Австрия, 2020 жылғы 8 мамыр.

  • «Ғарыштық аппараттардың, навигация және байланыс жүйелерінің жұмыс істеу шарттарын талдау және болжау үшін ғарыш ауа райының диагностикасы және болжау жүйесін құру» жобасы бойынша:

– Геомагниттік жағдайдың болжаулары апта сайын  «Аргументы и факты. Казахстан» газетінде жарияланып отырды.

– Геомагниттік жағдайдың және геомагнитті белсенділіктің күтілетін Ар-индексі болжаулары институттың ionos.kz. сайтында ұсынылады.

  • «Литосфералық пайда болатын қауіпті оқиғалардың диагностикасы және болжау үшін қатты жер сілкінісі ошақтары үстіндегі геофизикалық ортаның күйін зерттеу» жобасы бойынша:
  • БҒҚ Салихов Н.М. 2020 жылғы наурыз айында Алматы қаласы ЖОО студент-практиканттары үшін «Космостанция» ғылыми станциясындағы геофизикалық өрістердің параметрлерін электромагнитті, радиациялық акустикалық әдістермен өлшеу бойынша таныстыру дәрісін өткізді.
  • «Ұшқышсыз ұшу аппараттары негізінде қашықтықтан барлаудың аппаратты-бағдарламалық кешенін әзірлеу» жобасы бойынша:

Ұшқышсыз ұшу аппараттары негізінде қашықтықтан барлаудың (ЖҚБАБК) әзірленген аппаратты-бағдарламалық кешенін пайдаланып, «ҰҒЗТО «АҚ және Қазақ жер және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС арасындағы №55 шарт шеңберінде, пайдаланылған азот тыңайтқыштары санынан егістіктің шығуы тәуелділігін бағалау мақсатында бидай алқабының толық түсірімін алу бойынша жұмыстар жүргізілді.  NDVI вегетациялық индексі есептеп шығарылды, азоттың әр түрлі себілуіне қарай оның мәні өзеретіні анықталды.

  • «Жер серіктері мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының бағдарлау жүйесін жер үстінде сынау үшін аппаратты-бағдарламалық кешен әзірлеу» жобасы бойынша:

Жариялау мен насихаттау, материалдарға кең қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі:

1. Электронды жарияланымдарға қол жеткізуге болатын ғылыми журналдарға алынған нәтижелерді жариялау;

2. М.М. Молдабековтің баяндамасы – Жер серігі барлау жүйесінің сынақ стендінде карданды көтергіш подшипниктерінің үйкелу әсерлерін жою», профессор, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті К.С. Ивановтың 85 жылдығана арналған, механика жөніндегі конференцияда, Алматы қ., 2020 жылғы 22 шілде, Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы ИММаш.

  • «Жер үшін болашақта қауіпті, жасанды және табиғи пайда болған ғарыштық нысандардың физикалық және динамикалық параметрлері» жобасы бойынша

Жариялау мен насихаттау, материалдарға кең қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында  ақпарат төмендегі сайтталда орналастырылған:

1. https://24.kz/ru/news/obrazovanie-i-nauka/item/414217-kazakhstanskie-astrofiziki-otkryli-sezon-nablyudenij

2.https://mk-kz.kz/science/2020/08/19/astrofizika-stranovoi-brend-kazakhstana.html

10. «Атмосферадан тыс бақылау үшін таңдалған ғарыштық нысандардың мониторингі және зерттеу» жобасы бойынша:

  1. «Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік білім беру және сауықтыру орталығының іс-шараларына ФАФИ ғылыми қызметкерлері Терещенко В.М., Каламбай М., Ибраимова А.Т. қатысуы: Республикалық астрономиялық практикум (17-22 ақпан 2-7 наурыз, 23-30 наурыз, маусым, 2020 ж.).
  2. Обсерватория аумағында көпшілік дәрістері мен саяхаттар ұйымдастыру (Мошкина С.Г., Денисюк Э.К., Терещенко В.М., Усольцева Л.А., Шестакова Л.И.)
  3. Терещенко В.М. – «Қазахстанская правде» газеті редакциясына сұхбат, 28.02.2020ж. Терещенко В.М. – Қазақстандағы астрономияға арналған 7 арна телетүсірімдеріне қатысу.
  4. Шестакова Л.И. – «Сохраняя сердца, зажигая звёзды», 8 наурыздағы теледидар хабары үшін сюжетке түсу.
  5.  Шөмшекова С. А.- 21 мамыр 2020ж. Қазақстанның мәдениет қызметкерлері күні Ақтөбе облыстық планетарийі ұжымына «В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт» ЕЖШС атынан құттықтау хатын дайындады.