ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАРАЙ – ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ!
29.12.20
Күнтізбелік жылдың және ғылыми бағдарламалар мен жобалардың аяқталуына қатысты Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ ғылыми ұжымы өкілдерінің салтанатты жиналысы болып өтті (қысқартылған құрамда).
«ҰҒЗТО» АҚ Басқарма төрағасы Марат Нұрғожин өз сөзінде Орталық және оның Институтары ұжымының 2020 жылғы ғылыми қызметін қорытындылады, коронавирус эпидемиясына байланысты шектеулерге қарамастан оң динамика көрсетілгенін атап өтті.
«ҰҒЗТО» АҚ және оның еншілес ұйымдары жоспарланған барлық ғылыми бағдарламалар мен шаруашылық шарттарды толығымен орындап шықты.
2020 жылы екі ұжымдық ғылыми монография шығарылды. «ҰҒЗТО» және оның Институттары ғалымдары әлемдік ғылыми басылымдардағы жоғары импакт-факторлы жарияланымдар бойынша Қазақстан ғалымдарының көшбасшысы болып табылады.
Өтіп бара жатқан жыл қорытындылары бойынша бірқатар қызметкерлер ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және орындаудағы адал еңбегі мен жеке үлестері үшін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мемлекеттік мерекесі құрметіне «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ Құрмет грамоталарымен марапатталды:
- Раушан Көкімбаева – «В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт» ЕЖШС ғалым хатшысының міндетін атқарушы;
- Виталий Ким – ф.м.ғ.к., «В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт» ЕЖШС Жұлдыздар мен тұмандықтар физикасы зертханасының аға ғылыми қызметкері;
- Сәуле Шөмшекова, доктор PHD докторы, «В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт» ЕЖШС Жұлдыздар мен тұмандықтар физикасы зертханасының аға ғылыми қызметкері;
- Нұрмахамбет Сыдық – «Ионосфера институты» ЕЖШС Картография және ГАЖ зертханасының сектор меңгерушісі;
- Әсет Оразалиев – «Ионосфера институты» ЕЖШС Картография және ГАЖ зертханасының дамыған аумақтарды модельдеу секторының меңгерушісі;
- Ботакөз Сейфуллина – «Ионосфера институты» ЕЖШС Ғарыш ауа райының диагностикасы және болжау зертханасының ғылыми қызметкері;
- Дмитрий Малахов – «ҰҒЗТО» АҚ ЖҚБ департаментінің жетекші ғылыми қызметкері;
- Ольга Долбня – «ҰҒЗТО» АҚ ЖҚБ департаментінің ғылыми қызметкері;
- Рима Қалиева – «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС кіші ғылыми қызметкері;
- Лаура Мұстафа – «ҰҒЗТО» АҚ Ғарыштық материалтану және аспапжасау департаментінің аға ғылыми қызметкері.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Алғыс хаттарымен төмендегілер марапатталды:
- Айнур Қайранбаева – «Ионосфера институты» ЕЖШС ғалым хатшысы;
- Александр Серебрянский – «В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт» ЕЖШС зертхана меңгерушісі;
- Лаура Мұстафа – «ҰҒЗТО» АҚ Ғарыштық материалтану және аспапжасау департаментінің аға ғылыми қызметкері.
Жиналыс санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтау жағдайында өтті.