SATBAYEV UNIVERSITY (АЛМАТЫ) «ҒАРЫШТЫҚ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КАФЕДРАСЫ АШЫЛАДЫ

«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ және Satbayev University арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Satbayev University ашылып жатқан «Ғарыштық техника және технологиялық кафедрасының студенттері мен ғалымдары жерді ғарыштан суретке түсіру наноспутнигін жасап шығаруды жалғастырумен, сондай-ақ басқа да жобалармен айналысады.

«ҰҒЗТО» АҚ Басқарма төрағасы Марат Нұрғожин ерекше нарар аударатын бағыттардың бірі ғарыш саласының болашақ мамандарының мәртебесін көтеру деп есептейді.

«Біз Satbayev University базалық кафедра ашу туралы келістік, ол – Мамандар дайындау орталығы, және Орталық Азия үшін Жерді қашықтықтан барлау технологияларын оқытуға, сондай-ақ Халықаралық ғарыш станциясында 6-шы Ғарыштық зерттеулер бағдарламасын дайындауға бірлесіп қатысуды көздейді», –  деп атап көрсетті Марат Нұрғожин.

Кездесуде Индустрия 4.0 және Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру саласында, сондай-ақ инновациялық жобаларды дамыту саласында ынтымақтастықтың болашағы талқыланды, атап айтқанда, төтенше жағдайлардың алдын алу мен салдарларын жоюға арналған ғарыштық технологияларға байланысты БҰҰ бағдарламасы, UN-SPIDER халықаралық жобасына бірлесе қатысу болашағы туралы сөз болды.

«Бізде екі жоба жұмыстарын жалғастыру мүмкіндігі пайда болды, ол жобалар Халықаралық ғарыш станциясында жүзеге асырылатын 12 қазақстандық жобалар қатарына кіреді. Наноспутниктің пайдалы үстемелері және бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша біз жұмыстар атқаруымыз керек, жұмыстардың сапалы болуы жобаның табысты аяқталуының мүмкіншілігін анағұрлым арттырады» – деп санайды Satbayev University «Электроника, телекоммуникациялар және ғарыштық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Ерлан Таштай.

«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ және Satbayev University арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум, сонымен қатар, «Ғарыштық және геоақпараттық технологиялар – ғаламдық бәсекеқабілеттілік өнімдері» Еуразия технологиялық тұғырнамасы бағдарламаларына бірлесіп қатыруды көздейді. Оның мақсаты –біртұтас коммуникациялық орта құру, инновациялық және геоақпараттыө технологиялар әзірлеу мен енгізу үшін ЕЭО мүше-мемлекеттерінің, бизнестің ғылымның, қоғамдық ұйымдардың күшін біріктіру, басым бағыт Жерді қашықтықтан барлау деректерінің ұлттық көздерін пайдалану болып табылады.

Алматы қ., 14.09.2021

***

Satbayev University («Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті» КЕАҚ) Қазақстан тарихындағы тұңғыш техникалық университет, 1934 жылы негізі қаланған.ЖОО құрылымында 9 институт жұмыс істейді, олар инженерлік-техникалық мамандары бойынша кадрлар дайындауды, сондай-ақ бес ғылыми басым бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуды қамтамасыз етеді, және 6 еншілес ұйым бар, олардың қызметі – жеке инвестициялар тарту арқылы және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тәсілдерін пайдаланып Қазақстан Республикасы экономикасының түрлі секторларына техникалық инновациялар енгізу. Satbayev University жер қойнауын пайдалану және Қазақстан экономикасының басқа да салаларында ірі мемлекеттік жобаларды ғылыми-техникалық сүйемелдеу үшін барлық халықаралық талаптарға сәйкес келеді. QS World University Rankings 2022 халықаралық рейтингінде, әлемнің үздік университеттері ішінде 501-510 орындарды бөліседі.