Жас зерттеушіміз Егизбаева Әсет картография ғылымының PhD дәрежесін алды.
4.04.25

«Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ жетекші ғылыми қызметкері Егизбаева Әсет Сагатбекқызы 2025 жылдың 26 наурызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D07303 – Картография» білім беру бағдарламасы бойынша «Балқаш көлі бассейніндегі өзендер ағынының маусымдық ауытқуын ЖҚЗ негізінде модельдеу және болжау» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін сәтті қорғады.
Ол картография саласында PhD дәрежесін алған Қазақстандағы алғашқы жас ғалымдардың бірі болып табылады.
Зерттеу жұмысы Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) технологияларын қолдана отырып, өзен ағынының маусымдық ауытқуларын модельдеу мен болжау әдістерін жетілдіруге бағытталды. Алынған нәтижелер су ресурстарын тиімді басқару және гидрологиялық процестерді зерттеу саласында маңызды ғылыми негіздер қалыптастырады.
«Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ ұжымы Әсет Сағатбекқызын осы жетістігімен құттықтап, алдағы ғылыми қызметінде табыс тілейді!