«Ғылым және ынтымақтастық арқылы ғарыштық технологияларды дамыту» форумы

2025 жылдың 29 сәуірінде ҒЗТҰО АҚ алаңында «Ғылым және ынтымақтастық арқылы ғарыштық технологияларды дамыту» форумы өтті.

Форумды Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті ұйымдастырды.

Бұл шара ғарыштық технологиялар саласындағы ғылым, білім және бизнесті біріктіруге бағытталған. Форумға жетекші сарапшылар, мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының және жеке компаниялардың өкілдері қатысты. Қатысушылар инновациялық жобаларды, ынтымақтастық перспективаларын және Қазақстандағы да, жаһандық контексттегі ағымдағы технологиялық сын-қатерлерді талқылады.

ҒЗТҰО АҚ-ның Ғылыми директоры, профессор М.Р.Нұрғожин зымырандық жүйелерді құру туралы баяндама жасады. Оның баяндамасы форум қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Форум ғылым, білім және бизнес синергетикасының маңызды алаңына айналғанын атап өткен жөн. Шара барысында осы саладағы ағымдағы жетістіктер ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның жаһандық ғарыш аренасында позициясын нығайтуға қабілетті мегағылым деңгейіндегі стратегиялық жобалар талқыланды.