ҚБТУ басшылығымен кездесу өткізілді

2025 жылғы 28 мамырда Қазақ-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) корпусында Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ЦДИАӨМ) Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Казкенов Алан Аманжолұлы мен «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ (ҰҒЗТО) Басқарма Төрағасы Жәнікеев Марат Сүндетұлы ҚБТУ ректоры Ғабдуллин Маратбек Төлебергенұлымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесудің мақсаты аэроғарыштық зерттеулер, білім беру бағдарламаларын дамыту және бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылау болды.

Кездесу барысында тараптар ҚБТУ-да мамандар даярлаудың жоғары деңгейін, сондай-ақ университеттік зертханалар мен зерттеу орталықтарының қарқынды дамуын атап өтті. ҚБТУ қызметкерлері аэроғарыштық технологиялар саласындағы ағымдағы ғылыми-білім беру бастамаларын таныстырды.

Ғабдуллин Маратбек Төлебергенұлы ҚБТУ білім беру процесіне қатысушыларға нақты өнеркәсіптік және зерттеу алаңдарында жұмыс тәжірибесін алуға жағдай жасай отырып, оқытудың практикалық құрамдас бөлігін белсенді түрде кеңейтетінін атап өтті. Өз кезегінде ЦДИАӨМ және ҰҒЗТО өкілдері әдістемелік және техникалық қолдау көрсетуге, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Кездесудің іскерлік бөлігінен кейін Қазкенов А.А. мен Жәнікеев М.С. ҚБТУ-дың негізгі зертханаларын қарап шықты. Атап айтқанда:

  • «Робототехника және мехатроника» және «Электроника және электротехника» зертханалары;
  • «Баламалы энергетика және нанотехнология» және «Перспективалы материалдар мен технологиялар» зертханалары.

Барлық қатысушылар ҚБТУ-дағы техникалық жарақтандырудың жоғары деңгейін және зерттеу персоналының әлеуетін атап өтті, сондай-ақ жаңа бірлескен жобалар Қазақстанның ғарыш технологиялары саласындағы ғылыми-білім беру және практикалық әлеуетін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.