ҰҒЗТО кезекті мақаласы Polymers (Q1) журналында жарияланды
10.11.25
«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ (ҰҒЗТО) әзірлеген «Multimatrix Composite Materials for Rocket Nozzle Manufacturing: A Comparative Review» тақырыбындағы ғылыми мақала беделді халықаралық Polymers (MDPI) журналында жарияланды. Аталған журнал Scopus және Web of Science дерек қорларында Q1 санатына кіреді.
Бұл зерттеудің авторлары – Моһаммед Мейірбеков, Мұхаммед Садыков, Әсем Қуандық, Марат Нұргужин, Марат Жәнікеев, Гүлмайра Партизан, Лаура Мұстафа және Нұрмахан Есболов.
Мақалада зымыран қозғалтқыштарының саптамалары мен жылудан қорғау элементтерін жасауға қолданылатын қазіргі заманғы композициялық материалдарға кең шолу берілген. Авторлар композиттердің негізгі түрлерін – көміртек-көміртекті (C/C), көміртек-керамикалық (C/SiC, SiC/SiC), сондай-ақ металл және полимер жүйелерін талдады. Ерекше назарын материал құрылымының, оны дайындау әдістерінің (CVI, PIP, ұнтақты металлургия әдісімен алынған материалдар, орау әдісі және т.б.) және технологиялық параметрлердің жылуға төзімділігіне, беріктігіне және бөлшектердің қызымет етуіне назарын аударылған.
Мақаланың Q1 деңгейіндегі журналда жариялануы ҰҒЗТО-ның ғылыми әлеуетін арттырып, Қазақстандық зерттеу ұйымдарының зымыран-ғарыштық технологиялар саласындағы материалтану бағытында өз сараптамасын қалыптастырып жатқанын көрсетеді. Зерттеу нәтижелері жеңіл зымыран тасығыштарды, жылу қорғау жүйелерін және саптама тораптарын жобалаумен айналысатын инженерлер үшін практикалық маңызға ие.
Бұл жұмыс ҰҒЗТО-ның реактивті қозғалыс тақырыбы бойынша қолданбалы зерттеулер аясында орындалып, Қазақстанның ғарыштық технологиялар саласындағы ғылыми-техникалық әлеуетін арттыруға бағытталған.
Мақаламен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.mdpi.com/2073-4360/17/21/2946






