ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАЙ ҚҰРМЕТ

 «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ марапаттаулар.

«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамында Орталықтың және еншілес ұйымдардың қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық марапаттармен атап өту рәсімі болып өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ауылшаруашылығы мониторингі зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Бекмұхамедов Нұрлан Эркінұлы «Қазақстан Конституциясына 25 жыл”- «25 лет Конституции Республики Казахстан» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» – «За вклад в развитие космической отрасли» ведомстволық медалімен төмендегілер марапатталды:

Инчин Александр Сергеевич, «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС директорының орынбасары, техника ғылымдарының докторы;

Татанова Фимия Григорьевна, «В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институт» ЕЖШС директорының орынбасары.

ҚР Конституциясы күні құрметіне ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚР ЦЖИАӨМ) барлығы алпыс бір өкілі «Қазақстан Конституциясына 25 жыл»- «25 лет Конституции Республики Казахстан» мерейтойлық медалімен марапатталды. Олардың ішінде Қазғарыштың  он маманы бар.