ҒАЛЫМДЫ ЕСКЕ АЛУ

Қазақстан ғылымы ауыр қайғыға ұшырады. Қазақстан Республикасы ғылымының ірі ғалымы және ұйымдастырушысы Еділ Ерғожаұлы Ерғожин өмірден өтті.

Еділ Ерғожаұлы Ерғожиннің елеулі оқиғалар мен үлкен жетістіктерге толы өмір сүрді. Химия ғылымдарының докторы, ғылым мен техника саласында Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР ҒА мүше-корреспонденті, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы. Бұл ғалымның өмірі жолындағы негізгі маңызды кезеңдері  ғана.

Еділ Ерғожаұлы Ерғожиннің ғылымға сіңірген еңбегін қазақстандық және халықаралық ғылыми қауымдастық мойындаған. Ол үлкен мұра қалдырды – ғылыми еңбектері, ғылыми мектеп, шәкірттері. Оның ғылымға сіңірген үлесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен және  халықаралық ғылыми ұйымдар тарапынан атап өтілген.

2011 жылы Еділ Ерғожин ғылыми зерттеулер саласындағы халықаралық сыйлықпен марапатталды және оған «The Name in Science – Ғылымдағы есім»  Құрметті атағы  берілді. Оның есімі әлемдегі Дүниежүзілік  көрнекті ғалымдар тізбесіне енгізілді және «Әлемдік ғылымға сіңірген еңбегі үшін» даңқ медалі тапсырылды.

ЕДІЛ ЕРҒОЖАҰЛЫ ЕРҒОЖИННІҢ

отбасы мен туған-туысқандарына қатты қайғырып көңіл айтамыз.

***

Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы

Ионосфера институты

” В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институт

Ғарыштық техника және технологиялар институты