ҒТК МӘЖІЛІСІ
18.09.20
«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ 2020 жылғы 16 қыркүйекте ҒТК (ғылыми-техникалық кеңестің) мәжілісі өтті.
«Ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» 008 РББ шеңберінде іске асырылатын жұмыстардың 2020 жылғы 9 айдағы орындалуы барысы қаралды.
Төмендегі ғылыми жобалар бойынша баяндамалар тыңдалды:
I.
- «Қазақстанның жер қыртысының қазіргі уақыттағы геодинамикалық процестерін зерттеу» (жетекші – Виляев А.В.)
- «Дамыған аумақтардағы техногенді процестердің жерүсті-ғарыштық мониторингі және ірі техникалық нысандардың күйін бағалау» (жетекші – Жантаев Ж.Ш.)
- «Ғарыштық және геологиялық-геофизикалық деректерді кешенді талдау негізінде Оңтүстік-Торғай мұнайгазды аумағы үшін мезозойға дейінгі кезеңдегі көмірсутегі кен орындарын іздеудің іздеу-болжау критерийлерін әзірлеу» (жетекші – Қалдыбаев А.А.)
- «Жердің радиациялық өрісінің құрылымы мен динамикасы вариацияларына байланысты сейсмикалық сипаттаманың кеңістіктік-уақытша вариацияларының статистикалық модельдерін әзірлеу» (жетекшілері – Хачикян Г.Я., Жұмабаев Б.Т.»
- «Ионосфераның, мезосфераның, атмосфералық электр өрісінің және жылу нейтрондарының параметрлерін өлшеу негізінде геобелсенді оқиғаларды диагностика жасау және болжау әдістерін әзірлеу» (жетекші – Антонова В.П.)
- «Жер сілкінісінің ошақтары аймағындағы динамикалық және кваистатикалық процестер және математикалық модельдеу мен жерүсті-ғарыштық мониторинг деректері бойынша литосфералық-ионосфералық байланыстар» (жетекші – Ким А.С.)
Баяндамашы – «Ионосфера институты» ЕЖШС директорының орынбасары Қалдыбаев А.А.
II.
- «Ғарыштық аппараттардың, навигация және байланыс жүйелерінің жұмыс істеу шарттарын талдау және болжау үшін ғарыш ауа райы диагностикасы мен болжау жүйесін құру» (жетекші – Крякунова О.Н.)
- «Ғарыш кеңістігі факторларының кешенді әсері жағдайларында радиациялық қауіпті болжаудың кешенді жүйесін құру және түрлі бағыттағы ҒА борттық электронды аппаратурасын қорғау әдістерін әзірлеу» (жетекші – Грищенко В.Ф.)
- «Литосферада пайда болатын қауіпті оқиғаларды диагностика жасау және болжау үшін қатты жер сілкінісі ошақтары үстіндегі геофизикалық ортаның күйін зерттеу» (жетекші – Салихов Н.М.)
Баяндамашы – Шигаев Д.Т.
III.
- «Жер үшін болашақта қауіпті, жасанды және табиғи пайда болған ғарыштық нысандардың физикалық және динамикалық параметрлері» (жетекші – Серебрянский А.В.)
- «Атмосферадан тыс бақылаулар үшін таңдалған ғарыштық нысандардың мониторингі және зерттеу (жетекші – Шестакова Л.И.)
- «Параллель технологиялар көмегімен алыс ғарыш нысандарын модельдеуге арналған бағдарламалы-есептеу кешенін әзірлеу» (жетекші – Юрин Д.В.)
Баяндамашы – «В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институт» ЕЖШС директорының орынбасары Валиуллин Р.Р.
IV.
- «Жерді қашықтықтан барлау деректері негізінде Қазақстан Республикасының жайылымдық ресурстарын басқару міндеттерінің жедел мониторингі жүйесін әзірлеу» (жетекші – Бекмұхамедов Н.Э.)
- «Жерді қашықтықтан барлау деректері негізінде күріш егістігінің күйі мен өнімділігін болжау жедел мониторингі жүйесін құру» (жетекші -Ақназарова Р.Б.)
- Қашықтықтан барлаудың радарлы және оптикалық деректерін кешенді талдау әдістері және модельдеу әдістері негізінде су тасқындары өрістеуі динамикасы мен болжау және су қоймаларының күйін бағалау технологияларын әзірлеу» (жетекші – Архипкин О.П.)
- «Ұшқышсыз ұшу аппараттары негізінде қашықтықтан бардаудың аппаратты-бағдарламалық кешенін әзірлеу (жетекші – Бекмұхамедов Б.Э.)
- «Жерді қашықтықтан барлау деректері және геоақпараттық технологиялар негізінде табиғи биоқауіптіліктер пайда болуын және ауылшаруашылығы дақылдары зиянкестері санын болжаудың мониторингі жүйесі мен әдістемесін құру» (жетекші – Цычуева Н.Ю.)
- «Қазақстан Республикасы атмосферасы үстіндегі негізгі булану газдарының ғарыштық мониторингі жүйесін құру» (жетекші – Ахмеджанов А.Х.)
Баяндамашы – Бекмұхамедов Бауыржан Эркінұлы
V.
- «Найзағайпеленгацияның аумақтық және ғаламдық тораптары деректері бойынша литосфералық-атмосфералық байланыстарды зерттеу үшін бағдарламалы-математикалық қамтамасыз етуді әзірлеу» (жетекші – Инчин А.С.)
- «Жер серіктері мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының бағдарлау жүйесін жер үстінен сынау үшін аппаратты-бағдарламалық кешен әзірлеу» (жетекші – Молдабеков М.М.)
- «Калманның ортогональді UD-сүзгісін пайдаланып буданды инерциялы-жер серігі навигациялық жүйесінің эксперименттік үлгісін әзірлеу» (жетекші – Расқалиев А.С.)
- «Ғарыштық байланыс технологияларын пайдаланып таулы көлдер күйі мониторингінің бағдарламалы-техникалық кешенінің эксперименттік үлгісін әзірлеу» (жетекші – Ахмедов Д.Ш.»
- «Ғаламдық навигациялық жер серігі жүйелері және мобильді жер серігі байланысы технологияларын пайдаланып кіші әуе кемелерінің ұшу траекториясы мониторингі жүйесінің аппаратты-тағдарламалық кешенін әзірлеу» (жетекші – Айтмағамбетов А.З.)
- «Қорғаныс және аэроғарыш бағытындағы бұйымдарға арналған, соққыға төзімді көмірпластик жасап шығару технологиясын әзірлеу» (жетекші – Исмаилов М.Б.)
Баяндамашы – «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС директорының орынбасары Инчин А.С.
ҒТК санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтау арқылы өтті.
ЕЖШС (институттар) өкілдері Кеңес мәжілісіне қашықтықтан, on-line режімінде қатысты.