БАҒДАТ МУСИН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БҰРЫНҒЫ КЕҢЕСШІСІ, ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ БІРІНШІ ВИЦЕ МИНИСТРІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
22.07.20
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Үкіметінің қаулысымен тағайындалған бірінші вице-министрді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұжымымен таныстырды, ол министрдің міндетін уақытша атқарады.
Премьер-Министр мемлекеттік қызметтер мен экономика саласын цифрлау бойынша Мемлекет басшысының министрлік алдында нақты міндеттер қойғанын атап өтті. Денсаулық сақтау және білім салаларында цифрлау мәселелеріне басты назар аудару қажет. Осындай барлық міндеттерді жүзеге асыру, әсіресе пандемия кезінде, үлкен маңызға ие. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету, Қазақстанның инновациялық экожүйесін дамыту қажет.
Бағдат Батырбекұлы Мусин 1983 жылы 3 наурызда Екібастұз қаласында дүниеге келді. Сүлеймен Демирель атындағы университетті «инженер-жүйетехнигі» мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.