Коронавирустан қайтыс болғандардың отбасына көңіл айту

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық аза тұту күні деп жариялаған 2020 жылғы 13 шілде күні Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы ұжымы, отбасына қайғылы қасірет келген барлық отандастарымызға қайғырып көңіл айтады. Пандемия адам талғап жатқан жоқ. Жүрегімізге жақын, қымбатты адамдарымыздар айырылып жатырмыз, олардың арасында – ғылым қайраткерлері, Қазақстанның ғарыш саласының ғалымдары мен мамандары.

Біз бүгін арамыздан мезгілсіз өмірден өткен барлық отандастарымызды минуттық үнсіздікпен еске аламыз.

Үлкен өкінішке орай, пандемия біздің ұжымды да айналып өткен жоқ. Біз өзімізбен бірге ұзақ жылдар бойы қызмет істеген әріптестеріміз бен достарымыздан айырылып қалдық.

– Кузьмин Александр Геннадьевич – геомодельдеу, геоақпараттар және ГАЖ-технологиялар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері;

– Қышқашев Мәулен Балхаұлы – сантехник;

– Меңдіғалиева Мәрия Бисенқызы, «ҰҒЗТО» АҚ аудитор-маманы Меңдіғалиев Жасұлан Мұсағалиұлының анасы.

Сіздер біздің есімізде мәңгі сақталасыздар…