НЦКИТ-тің жаңа ыстыққа төзімді материалдары туралы мақаласы халықаралық беделді журналда жарық көрді

«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ (НЦКИТ) ғылыми ұжымының «Polymer-Based Thermal Protective Composites: The Role of Reinforcement and Matrix in Providing Strength and Fire Resistance» атты ғылыми мақаласы Scopus пен Web of Science деректер базасында Q1-квартильге кіретін беделді Polymers (MDPI) халықаралық ғылыми журналында жарияланды.

Мақала авторлары — НЦКИТ-тің жас және тәжірибелі мамандары: Мұхаммед Мейірбеков, Әсем Қуанддық, Мұхаммед Садықов, Мейір Нұржанов, Нұрмахан Есболов, Бердияр Байсеріков, Ілияс Аблақатов, Лаура Мұстафа, Ботагөз Медіянова, Арман Күлбеков, Сұңқар Оразбек және Абусаид Ермеков.

Зерттеудің өзегі — экстремалды температура мен отқа төзімді жаңа полимерлі композициялық материалдарды жасау. НЦКИТ ғалымдары арматуралаушы талшықтар мен полимер матрицасын таңдаудың материалдардың беріктігі мен отқа төзімділігіне әсерін жан-жақты талдаған.

Мұндай композиттер аэроғарыш саласында, сондай-ақ құрылыс, көлік және жоғары температурада жұмыс істейтін өзге де салаларда кеңінен қолданылуы мүмкін. Себебі олар сенімді жылу қорғанысын қамтамасыз етеді.

Q1 деңгейіндегі журналда мақала жариялануы – НЦКИТ қызметкерлерінің ғылымға қосқан елеулі үлесінің дәлелі және Қазақстанның материалтану мен ғарыштық технологиялар саласындағы жаһандық ғылыми ізденістерге белсенді қатысып отырғанын көрсетеді.

Ғылыми жұмыс Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің №AP234038/0223 гранты аясында қаржылай қолдаумен орындалды.

🔗 Мақала сілтемесі: https://www.mdpi.com/2073-4360/17/10/1419