НЦКИТ қызметкерлері Яндекс ұйымдастырған жасанды интеллект бойынша тренингтен өтті

2025 жылғы 30 маусым мен 2 шілде аралығында Астана қаласында «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ (ҰҒЗТО) қызметкерлері ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен оған қарасты ұйымдарға арналған жасанды интеллект (ЖИ) бойынша оқыту тренингіне қатысты.

Тренинг бағдарламасы Яндекс компаниясының мамандарымен әзірленіп, мемлекеттік секторда ЖИ-ді енгізу, дамыту және реттеу мәселелерін қамтыды.

Басты спикерлер:

  • Евгений Арзамасцев
  • Александр Вальд
  • Дарья Чирва

Тренинг тақырыптары:

1-күн – ЖИ қолдану:

Қатысушылар 2025–2030 жылдарға арналған ЖИ дамуының әлемдік трендтерімен, генеративті ЖИ (ChatGPT, Claude, Gemini және т.б.) жетістіктерімен, егемен ЖИ-экожүйелер мен дата-орталықтар құрудың негіздерімен, сондай-ақ ЖИ-дің цифрлық мемлекеттік басқаруда қолданылуы және оның тиімділігін бағалау әдістерімен танысты.

2-күн – Инфрақұрылым, деректер және экожүйе:

Негізгі назар деректермен жұмыс істеуге аударылды: олардың көздері, сапасы мен құрылымы. Big Data басқару, деректерді өңдеу мен талдау пайплайнын ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік сектордағы ЖИ-модельдерге арналған датасеттерді дайындау кезінде жиі кездесетін қателіктер мен тәуекелдер қарастырылды.

3-күн – Реттеу және этика (онлайн):

Соңғы күн ЖИ-ді құқықтық реттеу және этикалық мәселелерге арналды. Алгоритмдік қате болу қаупі, дербес деректерді қорғау, сондай-ақ ЖИ-дің өмірлік циклі бойында этикалық қағидаларды интеграциялау тақырыптары талқыланды.

ҰҒЗТО тренингті ұйымдастырушыларға алғысын білдіреді және алынған білімнің цифрландыру және ғарыш саласында интеллектуалды жүйелерді енгізу жобаларын іске асырудағы жоғары практикалық маңызын атап өтеді.