Сапаның жаңа белестері: «ҰҒЗТО» АҚ EN 9100-2017 стандарты бойынша семинарға қатысты
7.10.24
2024 жылғы 1-2 қазан аралығында «ҰҒЗТО» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азира Мұратқызы Ермаханова «ҚР СТ EN 9100-2017 сапа менеджменті жүйесі. Авиациялық, ғарыш және қорғаныс ұйымдарына қойылатын талаптар» семинарына қатысты. Оқытуды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен Ұлттық аккредиттеу орталығы ұйымдастырды.
Семинардың лекторы сапа менеджменті жүйесі саласында терең білімі және AS/EN стандарттарын енгізуде айтарлықтай практикалық тәжірибесі бар, сондай-ақ Түркияның TURKAK аккредиттеу жөніндегі органының тартылған бағалаушысы болып табылатын Түркиядан келген жетекші аудитор Месут Дуру болды.
Семинарға сондай-ақ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰҚ» АҚ, «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ және т.б. аэроғарыш кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Қатысушылар авиация және ғарыш салаларында сапаны басқаруды реттейтін EN 9100 стандартының негізгі талаптарымен танысты. Осы стандартты енгізу «ҰҒЗТО» АҚ үшін қызмет бағыты бойынша өнімді, қосалқы бөлшектер мен материалдарды жобалау, өндіру, техникалық қызмет көрсету және жеткізу саласында жаңа мүмкіндіктер ашады. Курс қорытындысы бойынша тыңдаушылар тренинг нәтижелерін жоғары бағалап, сертификаттар алды.