САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІНІҢ СЕРТИФИКАТЫ
22.06.21

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы Қарақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінен сапа менеджменті жүйесіне Сәйкестік сертификатын алды.

Сертификат мемлекеттік тізбеде 2021 жылғы 14 маусымда №KZ7500831.07.03.03248 тіркелген және «ҰҒЗТО» АҚ ғылыми зерттеулер, сынақ конструкторлық жұмыстар және ғарыш қызметі саласындағы қолданатын сапа менеджменті СТ РК ISO 9001-2016 (ISO 9001:2015) талаптарына сәйкес келетінін куәландырады.