Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау!
6.03.20


Бүгін «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ көктемнің алғашқы мерекесі Халықаралық Әйелдер күні – 8 Наурыз мерекесі құрметіне салтанатты жиналыс болып өтті.
Ұжымның әйелдер қауымын «ҰҒЗТО» АҚ Басқарма төрағасы Марат Нұрғожин құттықтады. Ол Орталықтың алдында тұрған бағдармамалар мен міндеттерді орындауда Акционерлік қоғамның әйел-қызметкерлерінің еңбегі орасан екендігін атап көрсетті.
Орталықтың барлық әйел-қызметкерлеріне Халықаралық Әйелдер күні – 8 Наурыз мерекесі құрметіне ақшалай сыйақы берілді.
Көпжылдың еңбегі және қол жеткізген табыстары үшін бірқатар қызметкерлер «ҰҒЗТО» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды.